Қызылшаның суы таптырмас ем.
фото: seminar-beauty.ru
Қайызғақ, шашыңызда жиналатын тітіркендіргіш, кішкентай ақ үлпектер мазаңызды алып, ауыртпағанымен, сізді ұятқа қалдыруы мүмкін.
Өйткені, шаш адамның көркі деп есептесек, шашыңыздың тазалығына нұқсан келтіріп тұрады. Бұл сіздің тазалықты сақтамағандығыңыздан емес, бұны да тері ауруларының бір түріне жатқызуға болады. Бақытымызға орай, әдетте рецептсіз сатылатын қайызғаққа қарсы сусабындарды қолдану арқылы одан құтылуға болады. Егер сіз мұндай сусабындардың құрамына сенімсіздік танытып алаңдасаңыз, табиғи баламалары да бар.
Қайызғақты кетіру жолдарын көптеген адамдар біле бермейді. Сондықтан да сіздерге келесі кеңестерді ұсынамыз. Басқа аурулар сияқты ауыртып мазаңды кетірмегенімен өте жағымсыз нәрсе. Қанша келісті киініп жүргеніңізбен, шашыңыз май, қайызғақ болып тұрса өзіңізге де өзгеге жағымсыз әсер қалдырады, тартымсыз көрінесіз. Сондықтан бірінші қайызғақты кетірудің жолын іздеу керек.
Мысалы, шашыңызды сұйылтылған шай ағашы майымен жууға немесе «алоэ вера» гелімен бас терісіне массаж жасауға болады.
Сонымен қатар, қызылшаның суы қайызғаққа таптырмас ем. Ол үшін үш литрлік банкі алып оған жартылай су құямыз. Осы суға қызылшаны турап су банкінің аузына жеткенше салып бетін жауып бес алты күнге терезенің алдына беті көгергенше қойып қоямыз. Бес- алты күннен кейін қызылшаның суын дәкеден өткізіп аламыз да жылы суға араластырып, осы қоспамен шашыңызды сусабынмен жуып болғаннан кейін шаюға қолданамыз.
- * Бір ас қасық түймешетенді (пижма) екі стакан қайнаған суға араластырып екі сағат қойып қоямыз. Осы қоспамен шашты кем дегенде сабынсыз бір ай жуу керек.
- * Төрт лимонның қабығын бір литр суға салып, он бес минут қайнатып аптасына бір рет осы қоспамен басыңызды шайып тұрсаңыз қайызғақ кетеді.
- * Егер бас терісі құрғақ әрі қайызғақ болса басты жумас бұрын зәйтүн немесе кастор майы арқылы жақсылап массаж жасау керек. Және бұл майдың қайсысы болса да бір ас қасығын алып лимон шырынына араластырып оған саусақтың ұшын батыру арқылы бас терісіне массаж жасаймыз.Содан кейін жақсылыап жуып тастау қажет.
- * Бір жұмыртқаға жарты ас қасық арақ, жарты ас қасық айран қосып араластырып осы қоспаны бас терісіне жағамыз. Мұны да екі күнде бір рет жасап тұру керек.
Ал ең оңай тәсіл ол:
Шашты күнделікті жуып жүрген сусабынмен жуып, одан кейін шайып, сосын қайтадан жылы суға бір уыс тұз қосып шашты шайса қайызғақ жоғалады. Бұл айтылған емдік рецептердің барлығы бастағы қайызғақты кетіреді. Шашқа рең беріп нәрлендіре түседі.
Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,
Тағы да оқыңыз: