​БЕТке арналған МАСКАларды дұрыс пайдалану КЕРЕК

0
1 034

Төмендегі кеңестерді орындай отырып, өлі тері жасушаларынан жеңіл арыласыз.


​БЕТке арналған МАСКАларды дұрыс пайдалану КЕРЕК

фото: ecobiolife.ru

1. Өнім нұсқаулығымен танысу
Нұсқаулықты толығымен және тізбекті түрде орындау міндетті. Белгіленген уақыттан артық масканы теріде ұстауға болмайды. Әйтпегенде, терінің тартылып, ауырсынуы, нәтижесінде құрғап кетуі байқалады.

2. Теріні дайындау
Маска таза және дымқыл теріге жағылады. Ол нәтижелі болу үшін теріні скрабпен немесе спонжбен тазартқан дұрыс.

3. Масканы арнайы бояу жаққышпен жағу міндетті
Жалпақ жаққыш түрін пайдаланған өте ыңғайлы. Ол масканы біртегіс жұқа қабатпен жайып, үнемдеуге әсерін тигізе алады.

4. Шеткі аймақтарды абайлау
Масканы жаққанда «тыйым салынатын аймақтарды» абайлаңыз. Олар әдетте көз аймағы, ерін айналасы болады. Нұсқаулықтағы ескертулерді мұқият оқыңыз.

5. Дымқылдандыру
Маска толық кепкенде, терінің дымқылын сіңіре бастайды. Ол пайдасыз, сол себепті арнайы уақыт сайын бетке минералды суды сеуіп тұрған абзал.

6. Екі есе әсер алу
Бетке арналған масканы пайдаланып жатқанда, көз айналасына арналған масканы да пайдаланған дұрыс.

7. Масканы дұрыс жуу
Қоректендіргіш масканы косметикалық сулықтармен немесе мақта дискілерімен кетірген дұрыс. Ал балшық маскасын жылы сумен жуыңыз. Содан кейін қалдықтарды кетіру үшін бетті тоникпен сүртіңіз.


Бетті жұмсартуға арналған қоспа
Кез келген ару бетінің жібектей жұмсақ болғанын қалайды. Алайда ауа райына, терінің типі мен тамақтануға байланысты бетіміз майланып не құрғап кетеді. Бұл мәселені шешу үшін қанттан жасалатын скрабты қолданған жөн.
Скрабты дайындау жолы:
1 стақан құрақ қанты мен жарты стақан кокос не миндаль майымен араластырыңыз. Бұл қоспаға қалауыңызша эфир майын қосуға болады.
Дайын болған скрабты ылғалды теріге жағып, сумен жуып тастау керек. Гель не сабынмен жуудың қажеті жоқ.
Қанттан жасалатын скраб басқа әдістерге қарағанда жұмсағырақ болып келеді. Ол бетті тек тазартып қана қоймай, оны ылғалдандырады. Егер бетіңіз құрғақ немесе нәзік болса, осы скрабты пайдалануыңызға болады.
Әдетте қанттан жасалатын маскаларға эфир майларын, жеміс қышқылын, кофе не какао қосып, дайындауға болады. Ал қоспаға жаңғақ майын қоссаңыз, бетіңізді жұмсарады.
Аптасына бір-екі рет қайталап жасасаңыз беттің құрғақтығы мен қабыршақтануының алдын алады. Алайда қант скрабын жиі қолданбау керек, себебі бет жаңаруға «үлгермеуі» мүмкін.

фото: gremlincom.ru

Бетке арналған скрабты пайдалану тәсілі

Бетке арналған скраб бетіңізді әдемі, жасарған кейіпке ендіреді және балғын жарқырау сыйлайды. Скрабты тұрақты қолдану қажет.

Төмендегі кеңестерді орындай отырып, өлі тері жасушаларынан жеңіл арыласыз.

Бетке арналған скрабтың ең жақсысын таңдаңыз. Ол міндетті түрде қымбат болуы шарт емес, оның сіздің тері түріне сәйкес келуі шарт. Скрабты қолдануды ұмытпас үшін ваннада басқа да күтім өнімдерімен бірге ұстаңыз.

Скрабты аптасына бір рет пайдалануды қадағалаңыз.
-Бетті сулаңыз.

-Бетке скрабты жағып, уқалаңыз. Маңдай, мұрын және иек аймақтарын интенсивті түрде уқалаңыз.

-Скрабты жылы сумен жуыңыз.
-Теріні кептіріңіз. Құрғақ, жұмсақ орамалмен сүртіңіз.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Терінің құрғауы, бетке дақ түсу: ЖАЗ мезгіліндегі мәселелер


РЕМУВЕР не үшін керек? ТЫРНАҚ, КІРПІК, ҚАСқа зияны жоқ па?