Кез келген ЕР-АЗАМАТТЫҢ гардеробында болуы тиіс 3 ДЖИНСЫ шалбар

0
4 366

Бүгінде кішкентай баладан 80 жастағы қарияның да гардеробында джинсы шалбары бар. Ал, сізде оның саны қанша, неше түрі бар? Стилистер кез келген ер-азаматтың гардеробында мынандай үш джинсы шалбар болу керек дейді.


Кез келген ЕР-АЗАМАТТЫҢ гардеробында болуы тиіс 3 ДЖИНСЫ шалбар

Фото: vk.com

Ешқашан сәннен қалмаған қай киім? Ол – джинсы шалбар. Ешқандай мамандық таңдамайтын да, ешқандай жас талғамайтын да киім, ол – джинсы шалбар. Әйтсе де, джинсы шалбарды да дұрыс таңдап, үйлестіріп кие білген жөн. Сізде оның қай түрі бар? Оны немен киіп жүрсіз?

Кез келген еркекте джинсы шалбар бар екені анық. Ал, нағыз ер-азаматтың гардеробында оның мынандай үш түрі жұп-жұбымен болуы тиіс.


1. Классикалық қою көк түсті джинсы шалбар

Фото: shoppingmagazin.ru

Есте ұстаңыз, классикалық джинсы шалбардың түсі – қою көк. Классикалық джинсы шалбардың белі кіндіктен жоғары да, тым төмен де болмайды. Ал балағы аяқ киімнің орта белінен келеді. Оны кеңседегі жұмысқа, іскерлік кездесулерге де киюге болады. Немен?

Қандай көйлекпен? Кез келген классикалық үлгідегі көйлекпен: ақ, көк, қара түсті және клеткалы ұзын жеңді, қысқа жеңді көйлектермен киюге болады.

Қандай сырт киіммен? Польтомен, кез келген күртешемен, көк, қара және қоңыр түсті пиджакпен киеді.

Қандай аяқ киіммен? Классикалық туфли немесе кез келген оксфорд, лофер.

Қандай аксессуарлармен үйлеседі? Қара түсті былғары белдік, галстук,


2. Қара түсті джинсы шалбар

Фото: wlooks.ru

Қара түсті джинсы шалбарды достармен кездесуге, көңілді отырыстарға, жұмыстан тыс кез келген уақытта, тіпті жұмысқа да кие аласыз. Ол спорттық киімдермен, спорттық аяқ киіммен әдемі үйлеседі.

Қандай көйлекпен? Ашық түсті кез келген көйлекпен, мойны жабық водолазкалармен, толстовкалармен, жұқа свитермен, тоқыма жемпірлермен жарасымды.

Қандай сырт киіммен? Былғары күртешемен, спорттық үлгідегі кез келген күртешелермен, сыртқы киімдермен киюге болады.

Қандай аяқ киіммен? Тұйық, яғни қою түсті кедамен, ботинкамен, лофермен, кроссовкамен және қоңыр түсті туфлимен киюге болады.


3. Ашық түсті джинсы шалбар

Фото: odezhda.guru

Ашық түсті джинсы шалбарды табиғат аясына демалуға барғанда, дүкен аралағанда, отырыстарға, жалпы көктем, жас айларында күнделікті киюге болады.

Қандай көйлекпен? Ақ түсті футболкамен.

Қандай сырт киіммен? Жеңіл жемпірмен.

Қандай аяқ киіммен? Кеда, былғары сандали, оксфорд және лофер аяқ киімдері ұсынылады.


ҚАЛАЙ ТАҢДАУ КЕРЕК?

Джинсы шалбарды таңдағанда мынандай үш негізгі критерийге назар аударыңыз

1. Ұзындығы – шалбардың балағы гармошкалы болып тұрмауы керек; Скинни моделіндегі (тар джинсы) джинсы шалбардың ғана балағын қайырып киюге болады. Сонымен қатар, стилистер аяғы қысқа жігіттерге джинсы шалбардың балағын түруге кеңес бермейді.

2. Белі – джинсы шалбардың белі тым қысып та (түйме ағытылып кетейін деп), тым кең болып та тұрмауы қажет; Отырғанда, тұрғанда джинсы шалбардың беліне ек саусағыңыз қиындықсыз сыйғаны дұрыс.

3. Бөксе – джинсы шалбар бөксеге тым қатты жабысып та, тым кең де болмағаны жөн.


Аксессуар таңдағанда ескеретін жайт

Джинсымен тағатын белдік, галстук, шарф, сағат аяқ киіміңіздің түсіне жақындау түс болғаны дұрыс. Сондай-ақ, нағыз ер-азаматтың гардеробында «жыртық», кестелі, түрлі суреті бар джинсы шалбар болмайтынын да есте ұстаңыз.


Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Неліктен қымбат іш киім кию керек?


Қысқа мойынды ұзартып көрсету үшін қандай алқа таққан дұрыс?

Шалбармен колготка кигенді ұнатпайтын қыздарға арналған 4 лайфхак