КҮЙГЕН ТЕРІдегі ДАҚ пен ТЫРТЫҚтан арылудың ең оңай жолдары

0
10 409

Бұл масқа күйген терінің жарамсыз бөлігін түсіреді.


КҮЙГЕН ТЕРІдегі ДАҚ пен ТЫРТЫҚтан арылудың ең оңай жолдары

Жаз мезгілін суға түсу, күнге қыздырынусыз елестету мүмкін емес секілді. Мұның әрине, жақсы жағы да бар, бірақ, кейде шектен тыс қыздырынудан тері күнге күйіп қана қоймай, денсаулыққа да зақым келтіруі мүмкін.

Тері ауруларының пайда болуы да жаздың ең ыстық кезеңдерінен бастау алу мүмкіндігі жоғары. Сондықтан, барынша сақтық керек, сұлулық үшін ғана емес денсаулық үшін де маңызы бар.


БҰРЫНҒЫ және ЖАҢА күю, терінің жарақаты

Терінің күюі әсерінен пайда болған дақтарды жою үшін біршама уақыт керек, сонымен қатар, әлбетте, дерматолог дәрігерінің кеңесі мен нұсқауы қажет.

Тек қана күнге күюден емес, термиялық күюден (ыстық су, химиялық қышқылдар, ашық от) болған тыртықтар басқа да жарақаттардың себебінен пайда болған терідегі тыртықтарға қарағанда тереңірек көрінеді, көзге анық байқалады.

Терең күйген теріні әсте оңайға соқпайды. Дегенмен, қазіргі заманауи әдістер арқылы біршама бұл олқылықтардың орнын толтырып, уақытша болса да жасыруға болады. Көп жылдық тері күйігін коррекция жасатуға болады.


Тыртықты жою үшін...

Тыртықты емдеуде гель, крем және жақпамай, силиконды байлауыш, пластиналар қолданылады. Сонымен қатар, инъекция әдісі арқылы да емдеу жүргізіледі.

*Мезотерапия- тері астына ине егу арқылы тиісті дәрілер (коллаген, гиалурон қышқылы) жіберіледі. Бұл әдіс артофик тыртықтырға әсер етеді. Нәтижесінде тері релъефі тегістеліп, серпімділігі мен созылғыштығы артады.

-Плазмолифтинг- мұнда науқастан 40-60 мл қан алынып, сол арқылы ондағы тромбоциттерге бай плазма бөлінеді.


ПИЛИНГ әдісі

Терең пилинг-жеміс қышқылдары(гликол, ретин, фенол) арқылы жүзеге асады. Бұл қышқыл өткір болмағандықтан, теріге зияны жоқ, керісінше, тыртықтың бетіндегі өлі жасушаны түсіреді. Нәтижесінде тері жанданып, серпімділігі қайта қалпына келуіне жол ашылады.


Пайдалы 4 маска

Кейбір кездері күйген теріде беткі қабаты қабыршақтанып түспеуі мүмкін, бірақ, қызарып қалады. Бірнеше уақыт өткеннен соң, күюдің әсерінен қызарған тері қараяды. Сонымен қатар, бұл мүлде кетпейтін қара даққа айналып кетуі де мүмкін.

Сондықтан, осындай қара дақтарды болдырмас үшін, сұлулығыңызға нұқсан келтірмеуді ойласаңыз, алдын алыңыз.

Ол үшін үй жағдайында дайындалатын, кез-келген адамға қолжетімді масканы қолданып көріңіз.


(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)


1.Бал мен даршыннан (корица) дайындалған маска

30 мл балды баяу отта қыздырып, 1 шәй қасық даршын ұнтағын қосып, жақсылап араластырыңыз. Дайын болған қоспаны күйген теріге жұқалап жағып қойыңыз.

20 минуттан соң, маска жағылған жерді жылы сумен жуып тастаңыз. Бұл емдеу тәсілін 1 ай көлемінде жалғастырып, аптасына 3 рет қайталауыңызға болады.


2. Қияр мен қызанақтан маска

Көкөністерді алып, жақсылап тазартып аласыз да, блендердің көмегімен қоймалжың масса жасайсыз. Осы масканы күнге күйген бет терісіне пайдалансаңыз, әсері жылдам көрінеді.

Сонымен қатар, бұл маска терең пилингтің орнын алмастыра алады. Өйткені, аталған көкөністердің құрамындағы қышқыл күюден пайда болған дақтарды жойып, терінің реңін ашады. Тері тегістеле түседі.


3. Ас содасы

20 гр ас содасына 1 шәй қасық құбыр суын қосып араластырыңыз. Қоспа ботқа секілді қоюлау болғаны жөн. Қоспаны күйген теріге массаж жасай отырып, айналдыра жағып шығыңыз. Бір минут көлемінде қолыңызды алмай, уқалап отырыңыз.

Бұл масқа күйген терінің жарамсыз бөлігін түсіреді.


4. ЛИМОН маскасы

Лимонның төрттен бір бөлігін блендердің көмегімен ұсақтап, біраз суын шығарып алыңыз. Үстіне шамалап сұлы жармасын салып, ботқа секілді болғанша араластырыңыз.

Дайын болған соң бірден қолдануға асықпаңыз. Күн түспейтін, шаң-тозаңнан таза жерде бетін жауып жарты сағатқа қалдырыңыз.

Одан кейін күйген теріге жаға беруіңізге болады. Арада 20-25 минут өткеннен соң салқын сумен жуып тастаңыз.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Шашыңызға ерте ақ түсті ме? Мұның емі бар


ҚАНДАЙ адамдар ҚАРТАЙМАЙДЫ - мұны күніне 10 минут жасаса жеткілікті