Қандай киім әлі сәннен қалған жоқ?
Биыл күзде қалай киінсеңіз сәнді бикештер қатарына енесіз?
Стилист, дизайнер мамандарының айтуы бойынша биыл да оверсайз киімдері сәннен түспеген. Денеге жабысып, бүкіл мүсінді айшықтап тұратын киімдер актуалды емес.
Қатпары көп косуха-палаццо шалбары
Бұл образ арқылы бірнеше түстің үйлесімін көруге болады. Зебра таңбалы сөмке, жасыл түсті шалбар, күрең-қоңырқай түсті кеудеше (водолазка), өзі қара, жағасы қоңыр түсті сырт киім. Көз алдыңызға елестетіп көріңізші, мүлдем миға сыймайтын дүние сияқты, бірақ өзіңізді сынап көріңіз, сізге керемет жарасуы ғажап емес. Сонымен қатар, палаццо шалбары да күздік сәнде.
Шляпа мен казачок
Ақ түсті қысқа көйлектің сыртынан ұзын қара пиджак кисеңіз, биыл күздің тренді болған казачок етік, қара немесе қызыл шляпа...
Образыңыз көрнекі болуы үшін сөмкенің де бар-жоғы білінбейтін нейтралды түсті таңдасаңыз қателеспейсіз.
Казачок етіктердің қай түрі болса да (қонышы ұзын, қысқа) биыл сәнде. Тіпті ұзын шұлық киіп, оны етіктен көрініп тұратындай етіп кисеңіз де күлкілі емес.
Казачокты ковбой стиліндегі джинсы шалбармен кисеңіз де жарасады.
КРОП ТОП, Костюм-шалбар
Қаракөк түсті, ерлердің костюм-шалбары секілді, бірақ, белі ассиммметриялы. Негізі осы жылы ассимметриялы киімдер, қысқа жейделер, кроп-топтар актуалды. Қатқыл стильді «жұмсарту» үшін ашық түсті, мысалы ашық жасыл, ашық алқызыл секілді барынша ашық түс біз өкшелі туфли кисеңіз сәнді. Бұл түстер қазіргі тренд.
Осыған дейін бұл екі түс бірге киілмейтін еді. Сөмке қызыл түсте. Таңқаларлығы сол, бір-біріне мүлде қабыспайтын түстерді үйлестіріп кие алу сізді өте сәнқой бикештердің қатарына жатқызады.
Костюмді кеды, лоферы, оксфордпен үйлестіріп кие білу өз қолыңызда.
ПИДЖАК+ «Қарындаш» белдемшесі
Әрбір қыз-келіншектің гардеробында күнделікті барлығына ыңғайлы универсал киімі болады. Жұмыстан шығып, құрбыларымен серуендеуге де, күйеуінің ұжымымен басқосуға да, тіпті бейтаныс ортаға да қысылмай киіп бара алатын денеге қонымды, өзіне жарасымды киімді таңдауда жаңылыспаңыз.
Сәндегі белді жіңішкертіп көрсететін ұзын жакет, «жырығы» бар белдемше, өкшелі қайықша секілді туфли сізді ұятқа қалдырмайды.
Белдемшеңіз ұзын болғандықтан, оның «тілігі» сіздің бейнеңізді жұмбақ етіп көрсетеді.
КОСУХА+ШИФОН көйлек
Косуха бірнеше жыл мезгілінде өзектілігін жоғалтпай келеді. Тек қана фасондары ғана әртүрлі болып келеді. Жеңіл сырткиім біраз үлкендеу болғаны да дұрыс (оверсайз). Бұл образда тізеден аз ғана төмен түсетін шифон көйлек пен косуха, оксфорд аяқ киімі үйлесім табады. Шұлықпен кисе де өзгеше көрініс береді.
Сонымен қатар, бүкіл киім ақ пен қара түсте болғандықтан, басымдылықты қызыл түсті сөмкеге береміз.
ТРЕНЧ+СПОРТТЫҚ КОСТЮМ
Бұл жылы күзде де тренчтер (плащ) сәнде. Оны спорттық киімдермен де үйлестіріп кие аласыз.
Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,
Тағы оқыңыз: