Шаш әр жеті жыл сайын бір рет өзгеріп тұрады дегенге сенесіз бе?!
Егер уақыт өте келе шашыңыз да «қартайып» жатса, қобалжып, байбалам салудың қажеті жоқ, тек қана күтім жасаңыз. Өйткені шаш та адамның өзге де ағзалары секілді жасқа байланысты өзгеріске ұшырайды.
20 ЖАСТА
Жасөспірім кезең мен жастық шақта шашына «тәжірибе жасап көруге» әрбір қыз ұмтылады. Еліктейді, әдемі болғысы келеді.
Шашты қысқа үлгіде қиған ештеңе емес, оны түрлі-түсті бояулармен бояп, ыстық бұйралағышпен бұйралайды. Әртүрлі сусабындарды пайдаланып, маскаларды да сынап көреді.
Өйткені, бұл шақта барлығы қызық, шаштың түсін, үлгісін өзгерту арқылы ол «әртүрлі» адамға айнала алады.
Кейбір манипуляциялар шаштың әдеттегіден гөрі жұқаруына әкеледі. Үнемі шаш кептіргішпен кептіру де шашқа айтарлықтай зиян келтіреді. Бұл оларды сынғыш етеді және құрғатады. Сонымен қатар, гормондар да маңызды рөл атқарады.
Мысалы, қалқанша безінің ақаулары болса шаш әлсірейді. Сондықтан шаш түзеткіш немесе бұйралағыш құралдарды жиі пайдаланатын болсаңыз, алдымен шашқа арналған қорғаныш спрейін шашыңыз.
Ең бастысы, шашты күн сәулесінен қорғау керек.
фото: market.yandex.kz
30 ЖАСТА
Шаш әр жеті жыл сайын бір рет өзгеріп тұрады дегенге сенесіз бе?!
Әр фолликулда бірнеше «шаш өседі». Өкінішке орай, уақыт өте келе жұқарады. Бұл жаста алғашқы ақ шаштар пайда бола бастайды. Әрине оның себептері де әртүрлі. Генетикалық немесе өмір жағдайына қарай кездесіп тұратын әртүрлі күйзелістерден де шаш ағаруы мүмкін. Ал кейбіреулер ақ шашсыз зейнетке шығады. Бұл енді шаштың жағдайына, саулығына байланысты.
Сондықтан мейлінше шашқа дәрумендер қабылдау қажет. Маңызды элементтердің қатарына биотин мен В дәрумендері жатады. Бұл дәрумендер дәндер, ет, теңіз өнімдерінде кездеседі.
Шашыңызды жиі жуу бас терісі мен шаш үшін өте маңызды майдың қалыпты өндірілуіне кедергі келтіреді. Сондықтан, аптасына үш рет жусаңыз жеткілікті.
40 ЖАСТА
Осы кезеңде келе жатқан менопауза маңызды рөл атқарады. Ағза гормон деңгейінің көтерілуіне бейімделу үшін өзгеріске ұшырайды. Шаш жұқарады әсіресе маңдайдың бұрыштары, самай жағында, бас төбесіндегі шаш жиі түсе бастайды. Шашыңыз әдеттегіден көбірек түсіп, тарақта, басыңызды жуғанда шаш түсе бастаса таң қалмаңыз. Өйткені бұл жаста шаштың түсуі эстроген мен прогестерон деңгейінің төмендеуімен байланысты. Олар шаштың тез өсуіне және орнында берік болуына көмектеседі.
Кейбір дәрі-дәрмектер шаш құрылымын өзгерте алады. Егер шаш өте белсенді түрде түсетін болса, онда бұл жағымсыз әсерге қарсы трансплантация, лазермен емдеу немесе дәрі қабылдау туралы ойлану керек.
Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,
БЕТПЕРДЕ таққанда БОЯНУ ҚАУІПТІ ме?
Әйелдердегі бір проблема: «МҰРТТЫ» лимонмен "кетіруге" болады