Бүгіннің ата-аналары бала тәрбиесінде тәуелсіз болғанды қалайды.
Бала – өте керемет жаратылыс иесі. Алайда осы кішкентай жандар кейде жүйкені қатты жұқарта алады. Әсіресе өздерін дөрекі ұстап өрескел сөйлеген кезде...
Баланың дөрекілікке бой алдыруының себе неде?
Қажетті қарым-қатынастың болмауы
Заманауи ата-аналар бала тәрбиесінде тәуелсіз болғанды қалайды. Сондықтан өзгелердің, тіпті ата апасының айтқан ақылын жеке шекараға өту деп қабылдайды. Ал жоғары буын өкілдері керісінше бала тәрбиесіне тек ата-ана ғана емес, өзгелердің де араласуы жақсы жағынан әсер ететінін айтатын. Бұл баланың өз отбасындағылардан бөлек өзге үлкендерді де құрметтей білуге үйретеді. Тек ата-анасының ғана тәрбиесіне қарап өскен бала өзге жандармен ешқандай эмоцианалды байланыс ұстамауға тырысады.
Ата-ананың шектен тыс төзімділігі
Қазіргі ата-аналардың көпшілігі бала өзін нашар ұстаса, бұзықтық жасаса үндемей шыдамдылық танытады. Бала өз ісінің салдарын түсіну үшін тым кішкентай деп ойлайды, аяйды. Әрине бала аңғал, аңқау келеді, бірақ бұл оларға ойына келгенін істеуге құқық бермейді. Бала тез үйренетін болғандықтан, соған бейімделіп кетпей тұрып оның нашар, бұзық әрекеттерін уақытында түзетіп отыру керек. Сол кезде ол өз әрекетінің кейбірі өзіне зиянды екенін ұғынады.
Ата-ана көп нәрсені өзі шешеді
Бірнеше жылдар бұрын балалар телефонның не екенін білмесе, қызықты бағдарламаларын тек қана сенбі, жексенбі теледидардан ғана көретін болса, қазіргі балалар қалағанын ғаламтордан тауып телефон, ноутбуктен көре алады. Мұндай жайлылықтың салдары ата-ана мен баланың аз сөйлесіп, қарым-қатынастың аз болуына алып келеді. Ол бар сұрағына жауапты ғаламтордан табуға тырысады. Балалар адамдар арасындағы қатынасты ата-анадан үйренуі керек.
Ата-ана өзін бопсаланғандай сезінеді
Заманауи ата-аналар бұрынғы ата-анаға қарағанда баласына көбірек сенетін және олардың ойын құрметтейтін болған. Әрине бұл дұрыс, бірақ шектен аспау қажет. Шектен асқан жағдайда бала өзін тым еркін сезініп еркелеп кетеді. Сондықтан балаға мұндай артықшылық беретін кезде оның жауапкершілігінің жоғары екеніне назар аударған жөн.
Бала ата-анасының тым көп уақытын алады
Бала ата-ананың өміріндегі маңызды бөлшегінің бірі. Дегенмен адамның өзіне кішкене де болсын уақыты болғаны дұрыс. Бұл тек ата-ана ғана үшін емес, балаға да пайдалы. Ата-ана өзін жайлы сезінген сайын бала да өзінің жайлы отбасына өсіп келе жатқанын ұғынады.
Отбасында түсініспеушіліктің болуы
Отбасында ұрыс-керістің жиі орын алуы, ата-ананың баламен жұмысы болмауы, ата-ана қаталдығы баланы тұйықтандырады. Бала тек өз әлемінде ғана өмір сүретін болады. Бала өз отбасы ынтымағын сезінбесе, көөрмесе, онда оның ішкі дүниесі сыртқа қатал болып шығады.
Дайындаған: Э.Базарбаева,