​«Диван теориясы» болашақ жарыңызды таба аласыз

0
737


​«Диван теориясы» болашақ жарыңызды таба аласыз

«Диван теориясы» - көптеген эмоциялық уайымға ұрындырмай, өзіңізге жар болатын жанды табудың ыңғайлы, жақсы жолы. Бұл тәсілді ер азаматттар да, қыз-келіншектер де қолдана алады. «Диван теориясының» мәнісі өте қарапайым. Яғни жұбыңызды іздегенде «диван» таңдағандай іздейсіз.


«Диван теориясын» қалай пайдалану керек: Негізгі бес ереже

Диван сататын жерлерге барыңыз

Диван аларда сіз күтіп, ал ол ғажайып жолмен үйіңізге келмейтіні белгілі және жолай серуендеп жүріп кездесірмейтініңіз ақиқат. Өзіңізге жайлы, ыңғайлысын табу үшін арнайы дүкендерді аралап, біраз ізденесіз, күш жұмсайсыз.

Жұбыңызды іздеуде тура осы секілді ізденісті қажет етеді, селқостық пен енжарлыққа жол бермеу керек. Сол үшін:

  • Жалғыз жүрген жандар көп уақыт өткізетін жерлерге баруға тырысыңыз.
  • Өзіңізге ұнайтын жанды кездейсоқ жолда кездестіріп қалу өте сирек кездесетін жағдай.
  • Егер барған жеріңіздегі орта ұнамаса, өзіңізді қызықтыратын жанды осы жерден таба алам ау деген жерге барыңыз. Мысалы, жұбыңыздың шығармашыл жан болғаны ұнаса, онда сондай бір мастер-кластарға жазылуға болады. Ондай жерден міндетті түрде біреуді кездестіретініз анық.


Диванды бұл дүкеннен таппасаңыз, келесісіне барыңыз

Өзіңізге серік болатын жанды іздеген кезде оған жоба секілді қараңыз. Бірінші әрекеттен беріле салуға болмайды. Бұл ортадан таппасаңыз келесісіне барыңыз. Бұл танысу аймағын кеңейтеді.


Жолдасыңыздың жоқтығына ұялмаңыз

Жиһаз дүкенін аралағанда үйде диваныңыздың жоқ екеніне ұялмайсыз ғой. Сол секілді әлі жұбыңызды таппағаныңыз үшін де, оны іздеп жүргеніңіз үшін де ұялып, қысылудың қажеті жоқ. Өзіңізге қызыққан жанды ары қарай қызықтыра түсем деп тым байсалды, салқынқанды болудың қажеті жоқ. Ашық болған дұрыс.


Жаныңызға жақынын таңдаңыз

Дүкенен жиһаз аларда қалтаңыз көтермейтінін немесе басқалай себептермен ұнамайтындарын қарамайтыныңыз анық. Сол секілді жұбыңызды іздегенде де қатты қиялға берілмей, шын мәніндегі өзіңізге жақын болады деген жанды іздеу керек. Егер жолдасыңыздың ішімдікке жақын болмағанын қаласаңыз, онда оны бар, түнгі клуб, ойын-сауық орталықтарынан іздемегеніңіз жөн.


Өзіңіздің мықты, күшті жағыңызды іске қосыңыз

Диван таңдағанда алдымен үйіңізге сыятынына және үйлесімділігіне көз жеткізіп аласыз.

Егер сіздің мықты, күшті қасиетіңіздің бірі мейірімділік болса, онда еріктілермен көбірек жұмыс жасаңыз немесе қайырымдылық қорлардың жұмыстарына қатысып тұрыңыз. Ол жерде сіз өзіңізбен бірдей ойлайтын жандарды кездестіре аласыз.


Сонымен қатар ұнатқан жігітіңізді өзіңізге қаратуға арналған кеңес:

  • Ер адамдарға таңдаған адамының сырт келбеті маңызсыз емес. Сондықтан, әрдайым өзіңізді күтінуге тырысып, мінсіз бойжеткен болуға күш салыңыз.
  • Ер адамдар да мақтау сөздерін ұнатады. Оған қандай әдемі, ақылды, тартымды, мейірімді екенін жиірек айтып тұрғаныңыз ләзім. Өзін мақтағанды кім ұнатпасын? Оның үстіне, ер адамға сүйгенінің өзін қаншалықты бағалайтыны, ол үшін өзінің мықтылардың мықтысы екені қашан да маңызды.

Оның қызығушылықтарын түсіне біліңіз. Онымен футбол ойынын көруге барыңыз немесе көлігін жөндеп жатқанында көмегіңізді ұсыныңыз.

  • Және де ер азаматтарды ұсақ кемшіліктері мен сәтсіздіктері үшін ұрысушы болмаңыз. Оны ешкім де көтермейді. Ешкімнің де өзін әрдайым мүжіп, кемсіткенін ұнатпайтыны анық. Егер де ер адамыңыздың бір кемшілігі ұнамаса, өзіңіз өзгертуге тырыспаңыз, керісінше, өзі өзгеруді қалайтындай жасаңыз.


Дайындаған: Э.Базарбаева

ERNUR.KZ.