ГЕНИЙ баланың ата-анасы болғыңыз келсе, 5 қорқынышыңызды жеңуге тиіссіз

0
4 481

Инстаграмда отбасымен бірге дем алып, керемет уақыттарын бірге өткізіп жүрген бақытты сәттерін көріп, өзіңіздің оның орнында болмағандығыңыз үшін ақтала бастайсыз.


ГЕНИЙ баланың ата-анасы болғыңыз келсе, 5 қорқынышыңызды жеңуге тиіссіз

«Sony» корпорациясының құрылтайшыларының бірі Масару Ибука «Үш жастан соң барлығы кеш» атты кітабында үш жастағы ойын баласының ұлғайған шағында көп уақытты қажет ететін істерін сол кезден бастап реттеу қажеттігі туралы жазады.

Жүру, коньки тебу, жүзу... Баланың қауіпсіздігін әрине, барлық ата-ана қамтамасыз етуге тырысады. Бірақ, шектен шыққан қадағалау, өбектеу, қорғаштау, баланың тәжірибеден өткізіп көргісі келетін істеріне тосқауыл болмау баланың дамуына айтарлықтай көмек береді.

Баланың барынша ашылып, өзінің бойындағы ашылмай жатқан қырларын көрсету үшін тосқауыл болатын ата-аналардың бойындағы 5 қорқынышқа тоқталмақпыз...


1. «Фантазия»

«Болмайтын әңгіме», «миға сыймайтын дүние» деген секілді баланың ынтасына сенімсіздік танытуыңызбен бақытты балалық шақты ұсынған ағалы-інілі Грим және Уолт Диснейлерді жоққа шығарып жатқаныңызды білесіз бе? Керісінше, балаңыздың қиялын ары қарай дамытуына күш жұмсаңыз. Ол үшін күнделікті өмірінен ертегі, сценарий кейіпкерлерін ойына тоқып, өзгеше бір әлем жасауына бөгет болмаңыз. Фантазиясына шындап сенетін, кірісетін болса, баланы тоқтата алмайсыз. Келешекте перзентіңіздің ана мен бала, әкесі мен ұлы туралы ертегі кітаптары сатылымға шықса ғажап қой.


2. Саяхат

4 жастағы баланың қуыршақпен немесе жәй ғана «ауамен» сальса биін билеп жатқанын көріп, «көңіл-күйі көтеріңкі бүгін» деген оймен ғана шектелесіз. Өйткені, баланың сондай бір мәдени ортаға барғысы келгенін, дүниетанымына өзгерістер қажет болғандығын аңғармауыңыз мүмкін. Сонымен қатар, балам «жүгіріп, секіріп шаршады» деп көтеріп орнына жатқызумен ғана шектелесіз. Шындығында гәп басқада. Инстаграмда отбасымен бірге дем алып, керемет уақыттарын бірге өткізіп жүрген бақытты сәттерін көріп, өзіңіздің оның орнында болмағандығыңыз үшін ақтала бастайсыз.

Әуелгіде «балаларым кішкентай, қоларбамен жүру ыңғайсыз» деп саяхатқа шығудан бас тартсаңыз, арада уақыт өтіп, ол балаңыз есейіп қалса да, соңынан ерген тағы екі-үш балаңызды ойлайсыз. «Сонша баламен шұбырып қалай жүремін?» деуіңіз мүмкін.

Қайталап айтамын, мұны әдетке айналдыруыңыз керек! Яғни, бір айда бір рет балаларыңызбен бірге болған саяхат үлкен нәтиже береді. Ойлап көріңіз!



3. Қиын сюжеттер

«Бауырсақ», «Қызыл телпек» ертегісін талқылау, баланың дүниетанымын байыту үшін таптырмас мүмкіндік. Қысқа сюжеттер баланың сөздік қорын жасына лайықты дамыта алады. Ал, баланың жасы ұлғайған сайын сюжеті қиын тақырыптарды оқып беріңіз, сөздік қоры ұлғаяды.


4. Қиын музыка

Масару Ибука өз кітабында баланың үш жасына дейін дүниені тану үшін көп назар аударылуы жайында жазады. Мәселен, әуенді ойыншықтардан шектемеу қажеттілігі баса айтылады. Осы орайда, баланың опера немесе джазды түсінбейтіндігін қаперге алмаңыз. Өйткені, баланың тыңдау, есту қабілетін дамытуға жол ашасыз. Ата-ананың өзінде бұл қабілет, қызығу болмаса, бала да соған бейім деп келте ойлауға болмайды. Ибука кітабында доктор Шиничи Сузукидің методын пайдалануды ұсынады. Сузуки өз методы арқылы қалыпты балалардан музыка генийлерін тәрбиелеген.


5. Жануарлар

Балаға «итті ұстама, тістеп алуы мүмкін», «мысықты сипама, тырнап алуы мүмкін» деп шектеу қоя бермеңіз. Жан-жағын танып келе жатқан бала жануарлармен де таныс болуы керек. Тек қана жансыз бейнесін кітаптардан немесе суреттен көргеннен гөрі, онымен бетпе-бет келу, сипап көру, ұстап көру арқылы баланың сезімтелдығын арттырасыз. Оның жан-жануарға деген мейірімін, жанашырлығын, оларды қорғау қажеттігін үйретесіз.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Оқыңыз: Ұл-қызыңыздың әңгімесін тыңдайсыз ба? (ТЕСТ)

Нағыз еркектің жанында болуы тиіс НАҒЫЗ ХАНЫМның белгілері