​Құрбылармен көп араласу әйелге зиян ба?

0
914

Әйелдің энергиясын білдірмей ұрлайтын, көзге көрінбейтін жағдайлар бар.


​Құрбылармен көп араласу әйелге зиян ба?

Әйелдер – жаны тез жараланатын өте нәзік жандар. Тіпті, жолдасы сәл назар аудармай қалғанға ренжіп қалады. Ал күнделікті тіршілікте неше түрлі жағдайлармен бетпе-бет кездесетіндіктен, олар үнемі күйзелісте және мұның барлығын қалай игерем деп жүреді. Ал, бұл өте қатты шаршатады. Негізі әйелдің энергиясын білдірмей ұрлайтын әрекеттер бар. Энергиясының ұрланып жатқаны байқалмағандықтан уақыт өте әйел мүлде әлсірейді немесе тым күйгелек жанға айналғанын өзі де байқамай қалады.


Үйдегі ретсіздік

Әйел баласы үйдегі тазалық пен жинақылықты, жайлылықты қадағалайды. Әр затты өз орнына қойып, ненің қайда тұрғанын жаттап алатын жандар. Ал, шашылған киімдер, жиналған ескі құсқы заттар әйелдің көңіл күйін бұзып, тіпті ашуландырып жібереді.

Есесіне ер азаматтар шашылып жатқан киімдерді аяғының астынан ала қоюы екіталай. Олар керісінше өз киімдерін қосып кетеді. Әрине барлық ер азаматтар бірдей емес, тазалықты кебір қыз-келіншектерден жақсы істейтіндері де бар. Тек, еркектердің көпшілігі шашылғанды жинау, орын-орнына реттеуі, тазалап қою дегенге жоқ екені белгілі.


Мазасыз ұйқы

Әйел адам әдемі болып жүру үшін, жайлы, тыныш ұйқының әсері мол. Тіпті ғалымдардың өзі әйелдер ерлерге қарағанда ұзақ ұйықтауы керек дейді. Бірақ, жастыққа басы бір тиген соң онша-мұншаға ояна қоймайтын ер азаматтан гөрі әйелдің ұйқысы тым сергек болады екен. Сондықтан әйелдер көбіне тынығып ұйықтай алмайды да, таңертең ашулы болып оянады. Ал мұндайда әйелден әдемі болып, жадырап жүруді күпеген жөн. Ендеше тартымды болғысы келген әрбір әйел ең азы аптасына бір рет өзіне ұйқы күнін сыйлауы керек. Қаншама тірлігіңіз қалып кеттсе де жақсылап тынығып, ұйқыны қандырып алған жөн.


Өзіңді кінәлі сезіну

Негізі отбасындағы кез келген іске әйелді кінәлай салатынымыз бар. Тіпті, жұмысында немесе сырттағы бір істе жолы болмай қалса да үйдегі әйелінен көретін еркектер баршылық. Психолог мамандар ер азамат пен әйелдің қабылдауы екі түрлі екенін айтады. Егер ер азаматтар өзіне айтылған кіналау сөздерге бірден жауап беріп, ісінің дұрыстығын айып тұрып алады, кейде тіпті жұдырқ та жұмсай салады. Ал әйелдер керісінше өз ісі дұрыс болып тұрса да бейбіт шешіп, қателігі болса бірден түзетуге тырысады, айналасына жақсы болғанын қалайды. Нәтижесінде бәрі жақсы болады, бірақ әйел энергиясы зардап шегеді.


Құрбылармен көп араласу

Әрине құрбы деген керек-ақ. Олармен әңгіме айтып, күнделікті күйбең тірліктен жиналған стресті шығарып тастайсыз, жаңа эмоция жинайсыз. Құрбылармен араласу керек, тек белгілі бір мөлшерде. Күнделікті екі-үш сағат құрбымен өсек айтып, әлеуметтік желі арқылы жиі сөйлесу, уақыт пен әйелдік энергияны ұрлайды. Әйел өзін өте шаршаңқы сезініп, рухы төмендейді. Сондықтан әңгіме айтудың, сөйлесудің, араласудың шегін біліп, өзіңізді керек жерден тоқтата алу қажет.


Белгісіз үрей

Әйелдер бір қолымен бесік тербетіп, бір қолымен асын дайындай алатын, яғни бірнеше тірлікті қатар алып жүре алатын ерекше жандар. Ал олардың миындағы ойлар тіптен көп. Кейде бөтен ақпараттың көптігі сонша, ми қорқыныш, үрей секілді вирустарды игере алмайды. «Ана біреудің көзқарасы басқаша болды, мені жақтырмады-ау», «енем үндемей тамақ ішті, ұнамай қалған болар», «баяғыда ренжітіп қойып ем, әлі ішінен кек сақтап жүрген болар», «жоласым кешікті, үйге келгісі келмей жүр-ау», деген сынды сан түрлі ой энергияны көптеп жұтып қояды.

Энергияны жоғалтуды тоқтатудың ең әдемі тәсілі, ойыңызда мазалап жүрген нәрсенің барлығын қағаз бетіне түсіріп, жақсылап сараптап шығу. Кейін қағазды өртеп жібересіз.

Міне, әйелдің энергиясын білдірмей ұрлайтын, көзге көрінбейтін жағдайлар. Энергия сарқылса, оның әсері балаға да, жарыңызға да тиеді. Отбасының берекесі кетеді. Сондықтан болмашы нәрсеге энергия құртпай, жадырап жүрсеңіз, шаңырағыңыз шаттықа бөленетіні сөзсіз.