ОТБАСЫНДАҒЫ КӨҢІЛСІЗДІК - некеге қауіпті

0
2 194

Некеге үнемі күш қуат беріп тұрмаса тоқтайды.


ОТБАСЫНДАҒЫ КӨҢІЛСІЗДІК - некеге қауіпті

Отбасылық өмірдегі бал айы мәңгілік емес. Кейде онда да тоқырау кезеңдері орын алады. Ондай кезде отбасы көбіне екіге кетіп жатады немесе көңілдес іздейді. Жұбайлар арасындағы тәтті кездердің бәсеңдеп қалуының негізгі себептері, оны қайта қалпына келтіру, жұбайыңызбен қарым-қатынастың жаңаруына көмектесетін әдістер бар.


Қарым-қатынастағы зерігу

Бәрі энергияның жетіспеуінен басталады. Ананы, мынаны істеуге ерінесіз. Жұбайлар бір-бірі үшін тырысудан тыйылады. Күйеуі әйелін қуанту үшін баяғыдай бір шоколад, гүл тағы басқа алуға тырыспайды. Әйел де күйеуі үшін көп нәрсе істей алады, бірақ уақыт жоққа саяды.

Әзіл, қылымсу жоғалады. Ұнамды әзілдер, жымиыс, көз қысу, өтіп бара жатып сүйіп кету бәрі өткен шақта қалады. Бір-біріне деген қошамет сөздері сирей бастайды. Өмірлері көңілсіздене бастаған жұптар бір жерде айналып жүргендей болады. Әркім өз жұмысымен жүреді, ортақ әңгіме азаяды.

Егер жағдайды тез арада өзгертпесе, онда отбасылық өмір зеріктіретін жағдайға алып келеді.


Бәрі жалықтырды ма?

Адамның сезім қоры шексіз емес. Ерте ме, кеш пе көңіл шамалы басылып, салқындай бастайды. Ары қарай өзгеріп немесе бірқалыпты қарым-қатынас басталады.

Жұбайлар арасындағы романтика бірнеше айдан бірнеше жылдарға созылуы мүмкін. Ал ары қарай басылып қалу қалмауы ер мен әйелдің әрекетіне қарай болады. Мысалы пойызды елестетіңіз. Оны жоғары жылдамдыққа жеткізіп, оған от беруді тоқтатып қойса. Отын берілмеген пойыз өз инерциясымен тағы біраз жерге дейін барады. Жылдамдық бірте-бірте азайып, соңында тоқтайды. Некеде де сондай. Оған үнемі күш беріп, қуат беріп тұрмаса тоқтайды.


Егер жолдасыңыздың жанында зеріксеңіз...

Ф.Бегбедер жазғандай «зерігу, көңілсіздік – қайғының бір түрі». Сондықтан жолдасыңыздың жанында зерігіп, көңілсіздікке бой берсеңіз, онда отбасының жаймен тоқырауға ұшырай бастағаны.

Нақты қандай қадам жасау керек?


Ерекше хобби тауып алыңыз

Бұл міндетті түрде қиын немесе қауіпті нәрсе болуы керек емес. Басты міндет – бұл хобби ерлі-зайыптылардың екеуіне бірдей ұнауы керек. Ортақ қызығушылықтан бірдеңе шығаруға болады. Тіпті ол төсек қатынасына байланысты болса да.


Батыл қадам жасаңыз

Екінші жартыңыз күтпегендей қадам жасаңыз. Мысалы концертке немесе шетелге шығып келуге билет алыңыз. Мұндай тосынсый қарым-қатынасты жаңартуға, оны орнынан қозғауға мүмкіндік береді.


Жоспарсыз, аяқастынан

Мысалы аяқ астынан жұмыста демалыс берді. Сол демалысты кешке дейін жолдасыңызбен, отбасымен қыдыруға арнаңыз. Мұндай жоспарсыз мереке жоспарлағаннан әлдеқайда қызықты, жоғары болып жатады. Аяқ астынан болған мереке ескі сценарий ретінде өтсе де, көңілді бөліп жаңашылдық сыйлайды.


«Жолдасыма менімен бірге қызық емес» деген ойды мида ұстамаңыз

Жолдасыңыз таңғалуы мүмкін нәрселердің тізімін жасаңыз. Мысалы, ерекше тағам немесе шаш үлгісін өзгерту тағы басқа. Тізімдегі таңғалатын нәрселерді шетінен аптасына 1 рет жасап көру керек.


Өткенді еске алу

Қыз жігіт болып жүрген кезде тыңдаған музыка немесе фото, хабарламаларды бір қайталап қарап, тыңдап көріңіз. Бірге сөйлесетін ештеңе болмаса да өткенді қайталап көрген соң ортақ әңгіме табылады.


Аптасына бір кешті бірге өткізуге тырысыңыз

Қанша жерден жұмысбасты болсаңыз да, балалардан, тұрмыстық тіршіліктен қол тимей жатса да аптасына 1 кешті жолдасыңыздың жанында тәтті тағам жасап, кино көріп бірге өткізуге тырысыңыз. Демалған уақытты телефон мен теледидар алдында өткізіп алмаңыз.


Жатын бөлмені жаңартыңыз

Жатын бөлмедегі күнделікті көріп жүрген заттарға көз үйреніп кеткен соң зеріктіре бастайды. Сондықтан жиі болмаса да жатын бөлмедегі заттарды ауыстырып тұру керек. Ең болмағанда төсек орын жабдығын ауыстырыңыз.

Шаңырақтарыңыз берік болсын!



Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.


Еркек қана емес, ӘЙЕЛДІҢ ДЕ "ТИРАНЫ" болады