"ЖЫЛАМА!": Өзіңіз істей алмайтынды БАЛАДАН ҚАЛАЙ ТАЛАП ЕТЕСІЗ?

0
3 211

Оның жылағысы кеп тұр, сезімін тежей алмайды ғой?!


Жұмыстан қажып шаршау, тәрбиеге деген көзқарас, кейде баланың тентек қылықтары ата-ананың өз ұрпағына жиі ұрысуына, ашулануына кейде тіпті сабап та алуына алып келеді. Солай бола тұра ешбір ата-ана балаларын жек көрмейді, бірақ бала өскен сайын өз тарапына айтылатын жағымсыз ашу сөздерді көп ести бастайды. Алайда баланың өсіп өркендеп дамуы үшін отбасылық махаббат пен жайлылық, тыныштық аса маңызды рөл атқарады. Тек ата-ананың махаббатын сезінгенде ғана бала аяғынан нық тұрып, өмір жолына қорықпай қадам жасайды.


Балаға қажетті жайлылық атмосферасын орнату үшін ата-аналарға бірінші кезекте өз-өзімен жұмыс жасау қажет болады. Бұл қиын шаруа болғанымен нәтижесі күткеннен артық болады. Егер Сіз осы жолды ұстанар болсаңыз, төмендегі берілген кеңестер өте қажет болары сөзсіз.


Іс – әрекетіңіздің жауапкершілігін балаға артпаңыз

Кейде ата-аналар шарасыздықтың салдарынан баланың орнын өздері алып, «Осы сені не істесем екен: ұрсам ба екен әлде бұрышқа тұрғызып жазаласам ба екен?», «Сен менен қаттырақ айқай естігің келіп тұр ма?» деген сұрақтармен өз ісінің жауапкершілігін балаға артып, тығырыққа тіреп жатады. Алайда бала ата-анасының өзін қалай тәрбиелеу керектігін шеше алмайды емес пе? Мұндай жағдайда жазалай ма әлде басқаша әрекет жасай ма – бұл ата-ананың міндеті.


Өз әрекетіңізне өзіңіз жауап беріңіз

Бірдеңе жасап, бүлдірсе Сізді бала ашуландырмайды, сіз өзіңіз ызаланып, ашуланасыз. Өз іс-әрекеттеріңізді жауапкершілікке алу - сол іс-әркетті басқаруға мүмкіндік береді, себебі адам өзі жауап бермейтін нәрсені өзгерте алмайды.


Өз әрекетіңізге үнемі талдау жасап отырыңыз

Мұндай жүйеден баланың қай қылығы, қайсы әрекеті өзіңізді шектен шығаратынын түсіне аласыз.


Өзіңізді қалжырап шаршауға жеткізбеңіз

Ата-ананың күш-қуат қоры үнемі толығып тұруды қажет етеді сондықтан өзіңізді, өзіңізге қажет нәрсені кейінге шегермеген абзал. Ұйқы, дұрыс тамақтану, хобби және түрлі қызығушылық адамға жағымды әсер сыйлап, баланы сабырлы күйде тәрбиелеуге күш береді.


Балаңыз Сіздің жеке жоспарыңызды бұзғаны үшін кінәлі емес

Ата-аналар көбіне балаларға олардың болбырлығы немесе өз әркеттерімен жоспарын бұзғаны үшін ашуланады екен. Егер ешқайда асықпай, болу керек оқиғалардың болуына жол берсе, мәселе де біршама азаяды.


Анасы сабырлы баланың өзі де мазасыз болмайды

Балаларға үлкендердің талабын орындау өте қиынға соғады, себебі ол талап үлкендердің тілінде қалыптасқан. Көбіне ересектердің өздеріне қалыптасқан жағымсыз кілт сөздер бар: «тиіспе», «ұстама», «жолама», т.б. Ал бала тек қана тыйым салатын ескертулерге емес, «иттен қолыңды тарт та анаңа келе ғой» деген секілді нақты жөн сілтеуге мұқтаж.

Өз мәселеңізді бала бөлмесінің табалдырығын аттағанда сыртта қалдырыңыз. Балалар үлкендердің көңіл-күйін бірден байқағыш келеді. Егер жұмыстың, тұрмыс-жағдайдың, ақшаның мәселесімен немесе туысқандармен арадағы кикілжің жағдайларымен өзіңізді ойға тұншықтырған болсаңыз, бала бірден Сіздегі күйгелектікті қабылдап алуы мүмкін және өзін соған сай ұстайтын болады. Бала пайда болғаннан «байсалды ана -тыныш бала» бұлжымас ережесі әрекет етеді.


Баладан өзіңіз жасай алмайтын нәрсені талап етпеңіз

Жылап жатқан балаға «тез арада жылауыңды доғар» деп ашумен айқайлау - ақымақтық. Егер сіз өз ашуыңызды, эмоцияңызды құрықтай алмасаңыз, сізге қарап өсіп келе жатқан бала ешуақытта өз сезімін игере алмайды.

Ұрпағыңызды жайлылық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеуде тек балаға ғана емес, сондай-ақ өзіңізге де жақсылық жасайсыз. Себебі ішіңізде ақылды, сабырлы, жүрекі махаббатқа толы ата-ана қалыптасып ,өсіп жатыр.


Егер балаңыз қасақана, әдейі жасап жатқандай болып көрінсе, ойланыңыз...

Осы кішкентай қорғансыз адамға не керек?

Көп ретте балалардың әдейі жасайтын амалдарының арқасында бір шарасыздық тұрады. Бұл әрекетте бала өзіне көбірек назар аударылуын немесе жақындықты, жылылықты қажет етеді.


Балаларыңызға қалай сөйлегеніңізді бақылаңыз

Балаға сынды дұрыстап айту қажет. Ол үшін баланың жеке басын емес, жасаған әрекетін сынға алу керек. Мысалы «сен менің ашуыма тидің» сөзінің орнына «Мен саған ашуланамын, егер ... ».


Жаңа тәжірибелер мен мағлұматтарға ашық болыңыз

Тек балалар ғана ата-анасынан үйреніп қоймайды, ата-ананың да ұрпағынан үйренері көп.


Ең жақсы ата-ана ұстанымы – қамқорлық

Мұндай ұстаным күш пен өзіңе деген сенімділікті, ой толысуын қажет етеді. Бірақ дәл осы ұстанымнан тәрбие айқайсыз, ашусыз болуы мүмкін.Бала жай ғана сіз үлкен, сенімді адам боғандықтан тыңдайды.

Сізден гөрі тәжірибесі мол, тура жол сілтей алатын, үлгі боларлық ата-аналардан көмек сұрауға қысылмаңыз. Кейде әңгіме арқылы өз қателіктеріңізді көруге, қорытынды шығаруға болады.


Өзіңізден жылдам нәтиже күтпеңіз

Өзіңмен жұмыс және жаңа әдетті қалыптастыру уақыт талап етеді. Мақсатыңызға жету үшін жасаған әрбір қадамыңызды белгілеп отырыңыз. Кішкентай жетістіктер үшін өзіңізді мақтап қойыңыз. Егер балаңызға кещегі күннен аз ұрысып ашуланған болсаңыз бұл – жақсы нәтиже.

Балаға махаббатыңызды, сүйіспеншілігіңізді жеткізу үшін арнайы уақытты күтудің қажеті жоқ. Сондай-ақ баланы міндетті түрде құшақтап, бетінен сүйіп қоюды ұмытпаңыз.


Балаңызға, оның жақсы ниетіне сеніңіз

Бала табиғатынан өз ата-анасы үшін жақсы болуға, көңілдерінен шығуға тырысып, қуантуға әрекет етеді. Тек олар шын мәнісінде ненің жақсы ненің жаман екенін ажырата алмайды. Осыны үйрету – Сіздің міндетіңіз.


Баланы бағындырудағы әрекетіңізді сыйқырмен алмастырыңыз

Тәрбие – бірінші кезекте жақын әрі берік қатынас. Олтиым салу мен жазалау жүйесі емес.Егер баламен қарым-қатынаста ешқандай мәселе болмаса, онда ол баланы жайлылық пен сүйіспеншілікте тәрбиелеу өте оңай. Себебі ол өзі де ата-ананы тыңдап,ұқсауға тырысады.

Балаға деген махаббатты бассыздықпен шатастырып алмаңыз. Бала рұқсат етілген барлық нәрсенің өз шегін білуі қажет.


Балаға тыйым салу мен шектеуді қамқорлықпен жасаңыз

Тыйым салуда қандай да бір қағиданы ұстансаңыз, бұл қағида әрдайым ұсталуы тиіс. Бұған қоса не үшін тыйым салғаныңызды үнемі түсіндіріп отыру қажет: «Сенің ауырып қалғаныңды қаламаймын», «Сенің көздерің сау әдемі болсын».

Балаға ішкі әсерін шығаруға, кез-келген көңіл күйде болуға, жылауға, мұңаюға, еркелік жасауға рұқсат етіңіз. Тек қана жақсы жағынан емес, кез-келген іс әрекетін көтере алу, бұл – ата-ана махаббатының бірден бір дәлелі.


Баланы өзге балалармен салыстырып қарамаңыз

Бала жеткен жетістіктері үшін емес, ата-анасының жанында бар болғаны үшін де сіздің махаббатыңызға тұрарлық.

Әрдайым баланың жағында болыңыз, әсіресе үшінші бір жақ сынап-мінеп, ақыл үйреткен кезде. Өзгенің көңілінен шығу үшін балаңызға солармен қосылып ұрсып, ақыл айтсаңыз, бұл бала үшін өте ауыр соққы. Бала бұл әрекетті ауыр қабылдап, ата-анасына көңілі қалып қалуы мүмкін.


Баланы мақтаудан қорықпаңыз

Біздің түсінігімізде баланы мақтаға болайды, бұдан бала еркелеп есіріп кетеді деген ой қалыптасқан. Ал шын мәнісінде балаға айтылған мақтау, оған ынта, күш-жігер сыйлайды. Жақсы жағынан көрініп, ата-анасын қуантуға тырысады. Егер оның кішкентай жетістіктерін ешкім елеп-ескермесе жақсы болғаннан не пайда?


Өзіңізді кемшіліктеріңіз үшін кешіре біліңіз

Кез-келген адам қателікке бой алдыруы мүмкін. Ата-ана боуды ешқайда, ешқандай оқу орны үйретпейді, сондықтан сіздің аналық немесе әкелік сезіміңіз – тұнған суырыпсалмалық. Тіпті сіз қателескен болсаңыз да оны түзеуге болады.

Бала қашанда балалығын көрсетпей тұрмайды, сондықтан оларға ата-ана тарапынан қамқорлық пен түсіністік, маххаббат қажет.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ