Құрбыларына ҮКІ ТАҚҚАН қалыңдыққа көпшілік сүйсінді (ВИДЕО)

0
9 044

«Бір гүлге 40 қызды таластырғаннан осы дұрыс қой, үкі таққан...» дейді көпшілік


Құрбыларына ҮКІ ТАҚҚАН қалыңдыққа көпшілік сүйсінді (ВИДЕО)

Тойдағы қалыңдықтың тұрмысқа шықпаған құрбыларына гүл лақтыруы қазақ дәстүрінде бар ма? Бұл бізге батыстан енсе керек. Ал, мынау тойда қалыңдық құрбыларына үкі тағып, көпке жақсы идея тастағандай. Қолдайсыз ба?


Көпшілікке құрбыларына үкі тағу идеясы ұнады. Олар:

«Бір гүлге 40 қызды таластырғаннан осы дұрыс қой, үкі таққан...», «Әдемі дәстүр екен есте болатын», «Шынында, үкі керемет көріренід екен», «Үкі немесе орамал сыйлаған дұрыс, гүл лақтырғаннан», «Орамалды келіншек болғанда ғана сыйлайды. Орамал келіннің белгісі. Сондықтан қыздарға үкі таққан дұрыс екен»...


Қазақ халқы ертеректе үкіні жын-шайтаннан қорғасын деп бесікке, бақыт әкелсін деп қыздардың сәукелесіне, екі жастың шымылдығына, табысты етсін деген ниетпен сал-серілердің домбырасына таққан. Тіпті, үкі қауырсынын батырларымыз найзаға да таққан. Жалпы, киелі құсқа теңелген үкінің қауырсыны «жын-періден», «тіл-көзден» сақтайды деп ұққан ата-бабамыз.


Ендеше, ұзатылып бара жатқан қыздың, үйлену тойындағы қалыңдықтың құрбыларына үкі тағу дәстүрін насихаттай жүрейік.

(сурет ашық дереккөздерден алынды)


Видео: @ toiduman.kz

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Жігітітң үйлену тойына бұрынғы қызы келді (видео)

Қызылордада бір үйдің ЕКІ ҚЫЗЫ бірге ұзатылды (видео)