А.Бердалин: Жемқорлыққа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру халықтың құқықтық санасы болмайынша мүмкін емес

0
1 234

Арман Бердалиннің сөзінше, қоғамдағы жемқорлықтың орын алуына халықтың құқықтың сауатының әлі де болса төмендігі себеп болып отыр.


А.Бердалин: Жемқорлыққа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру халықтың  құқықтық санасы болмайынша мүмкін емес

Бұл туралы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі Республикалық арнайы мониторингтік топ мүшелері өткізген баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалиннің сөзінше, қоғамдағы жемқорлықтың орын алуына халықтың құқықтың сауатының әлі де болса төмендігі себеп болып отыр. Мемлекет тарапынан көрсетілетін көптеген қызмет түрлері электронды түрде жүргізіледі. Ал, тұрғындардың көбі оны білмейді.

«Бүгін таңда 746 мемлекеттік қызметтің 60 пайызы электронды түрде алуға болатынын, осы жайтты халыққа кеңінен насихаттау керек», -деген Бердалин, - «Жемқорлыққа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру халықтың тиісінше құқықтық санасы болмайынша мүмкін емес», деп сөзін түйіндеді.