Арыс қаласында "Отан - отбасынан басталады" байқауы өтті

0
2 279

Әділқазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Әлімбаевтар әулеті жеңіп алды.


Арыс қаласында

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы және «25 қазан – Біріккен Ұлттар Ұйымымен құрылған, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюға арналған халықаралық күрес күніне» орай Арыс қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың мәдени мұрасын сақтау, салт-дәстүрлерін насихаттау, отбасылық құндылықтарды көрсету және кеңінен насихаттау, дарындыларға қолдау көрсету мақсатында «Отан – отбасынан басталады» атты байқау өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқаудың үш кезеңі: Отбасын таныстыру, отбасылық өнер және үй тапсырмасы бойынша қала және ауылдық округтерден келген отбасылар қатысып атсалысты.

Әділқазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Әлімбаевтар, І-орынды Искеновтер, ІІ-орынды Жұмабаевтар, ІІІ-орынды Байырбековтар отбасы иеленсе, Абуовтар, Өмірбаевтар, Смайловтар, Өтегеновтер отбасы ынталандыру сыйлықтарымен және дипломдармен марапатталды.

Естеріңізге салар болсақ, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім-жақындарына, туған-туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деп атап өткен.