​Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы өтті

0
2 171

Сессия жұмысын Ж.Қ.Түймебаев ашып, мемлекет басшысының «Бес әлеуметтік бастамасын», Ассамблея алдында тұрған міндеттерді айқындады.


​Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы өтті

ERNUR.KZ.Шымқаладағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында «Әлеуметтік бес бастама – бейбіт өркендеу мен қоғамдық келісімнің кепілі» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. тілшісі.

Оған ОҚО әкімі, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Ж.Қ.Түймебаев, аудан, қала әкімдері, діни конфессиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, ардагерлер, т.б. барлығы 800-ден астам адам қатысты.

Алдымен ҚР Мемлекеттік Әнұран ойналды. Содан кейін залға жиналғандар саяси қуғын-сүргін құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алды. Сессия жұмысын Ж.Қ.Түймебаев ашып, мемлекет басшысының «Бес әлеуметтік бастамасын», Ассамблея алдында тұрған міндеттерді айқындады. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының әлемде баламасы жоқ екендігін тілге тиек етті.

Жиында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы Заңға енген өзгерістер мен толықтырулар жайлы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ректоры Дария Қожамжарова, Ұлттық Банк әзірлеп жатқан «7-20-25» бағдарламасы туралы ҚР Ұлттық Банкі ОҚО филиалының директоры Әнуар Ботанбековтың баяндамасы тыңдалды. Сонымен қатар Қазақстандағы Өзбекстан жылына орай, екі ел арасындағы байланыс жөнінде республикалық «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Икрам Хашимжановтың, «Қазақтану» жобасы жөнінде «Цеснабанк» АҚ қызметкері Юлия Дробязконың, елбасы айтқан жатақхана салу жөнінде М.Сапарбаев атындағы ОҚПИ оқытушысы А.Құрбанованың айтқандары жалпақ жұртқа мәлім болды.

Сондай-ақ «Әр этностың брэнді» аясында жергілікті тауар өндірушілерінің көрмесі ұйымдастырылды. «Бірлігі бекем ел озады» тақырыбындағы бейнефильм мен облыстық этномәдени бірлестіктердің қатысуымен дайындалған концерттік бағдарлама көпшіліктің назарына ұсынылды.