Блок-бекеттерде полицейлер мен медицина қызметкерлері күшейтілген режимде тәулік бойы қызмет атқаруда.
Мақтаарал ауданы Атакент кентіне қойылған блок бекетінде, өз қызметтiк мiндетiн атқарып тұрған полиция қызметкеріне мас халде келіп, полиция қызметкерінің тыйым салынған аумаққа кіруге болмайтындығы туралы ескерткеніне құлақ аспаған жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған тұрғын тәртіп сақшысының заңды талабына бағынбаушылық танытып, көпшіліктің көзінше жария түрде, ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып қорлаған және қызметтік міндетін атқарып тұрғанына қарамастан кеуде тұсынан қолымен ұрып-соғып, дене жарақатын салған.
Аталған жайт, Мақтаарал АПБ СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 380 бабы «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тұрғын қамауға алынды.