Тексеру барысында тәртіп сақшылары дәрігер-гинекологтың 10 наурыз күні Мәскеу-Шымкент рейсімен Германиядан ұшып келгені анықталған.
"Германиядан оралған дәрігерді кориновирус жұқтырған" деп жалған ақпарат таратқан сарыағаштық тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Ол "WhatsApp" әлеуметтік желісінде Германиядан ұшып келген дәрігер-гинекологты кориновирус жұқтырған деп аудио хабарлама таратқан. Бұл туралы Түркістан облысы Келес аудандық полиция бөліміне шағым түскен.
Тексеру барысында тәртіп сақшылары дәрігер-гинекологтың 10 наурыз күні Мәскеу-Шымкент рейсімен Германиядан ұшып келгені анықталған. Әуежайда медицина қызметкерлері күтіп алып Шымкент қаласындағы пәтерінде үй жағдайындағы карантинге жатқызылған. Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта шет ел асып келген дәрігер амбулаториялық ем қабылдап жатыр. Денсаулығына қатысты ешқандай қауіп жоқ.
Жұртты дүрліктіріп жалған аудиохабарлама таратушы Сарыағаш ауданының тұрғыны боп шықты. Күдікті өз әрекетін толық мойындап, өкінетіндігін айтып қылмысы үшін кешірім сұраған.
"Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 274-бабы 2-бөлігі "көрінеу жалған ақпарат тарату"бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Күдікті қолхатта," - деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.