«Ел тірегі - ЕЛБАСЫ» акциясы Түркістан облысында бастау алды

0
2 427

Бұл жолғы шара Қазақстан үшін елеулі мереке – Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді.


«Ел тірегі - ЕЛБАСЫ» акциясы Түркістан облысында бастау алды

«Халық» қайырымдылық қоры «Ел тірегі - ЕЛБАСЫ» атауымен кең ауқымды қайырымдылық акциясын бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жолғы шара Қазақстан үшін елеулі мереке – Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді. Түркістан облысында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған 2 000 аз қамтылған отбасын қамту жоспарланған. Аудандар мен қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері ауылдық округтердің әкімдіктерімен және "Халық" Қорының өкілдерімен бірлесіп, осы азық-түлік жиынтығын әрбір алушыға жеткізуді қамтамасыз етеді.

Елімізде бастау алған шара аясында «Халық» қайырымдылық қоры әрқайсысының салмағы 50 келіден асатын 15 мыңнан астам азық-түлік себетін ұйымдастырды. Қазіргі уақытта азық-түлік себеттері өңірлік әкімдіктер ұсынған тізімдерге сәйкес еліміздің барлық өңірінде отбасыларға таратылуда.
Аталған қор пандемияның алғашқы күнінен бастап, жан - жақты қамқорлық көрсетуде. «Халық» қайырымдылық қоры кәсіпкерлер мен қайырымдылық ұйымдарының өкілдеріне «Ел тірегі – Елбасы» акциясын қолдауға шақырады. Мұндай акция биыл бірнеше рет ұйыдастырылады деп жоспарланып отыр.