​Елбасы Жолдауы – дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады

0
3 819

Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Дихан баба елді мекенінде жылқы бордақылау қожалықтарының саны артып келеді.


​Елбасы Жолдауы – дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады

Сарыағаш ауданының Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Дихан баба елді мекенінде жылқы бордақылау қожалықтарының саны артып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауының жетінші қадамында адами капиталды жаңғырту үшін азаматтарды нәтижелі жұмысқа тартуға көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына жағдай жасау қажеттігі туралы айтылып, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының азаматтарға бизнесті үйрету жөніндегі атқарып жатқан жұмыстар қолдауға тұрарлық делінген. Сонымен қатар «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында оның құралдарын нығайта отырып, халықтың осы санаттарын кеңінен тарту туралы тапсырма берілген болатын.

Осыған орай Сарыағаш ауданы бойынша 2018 жылдың 9 айлығында орталықтың жолдамасы арқылы жалпы 24 азамат «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы» 131,5 млн. теңге және «Сарыағаш НС» арқылы 30 азамат 181,050 млн. теңге жалпы 54 азамат 312,550 млн. теңге шағын несиемен қамтамасыз етіліп, жоспар 123 пайызға орындалды.
Соның бір дәлелі Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Дихан баба елді мекен тұрғыны С.Кистабаева «Сарыағаш несие НС» МҚҰ-нан 6,0 млн. теңге шағын несие алып жылқы бордақылау мақсатында өз ісін ашып, 2 азаматты жұмыспен қамтыған.