Елімізде «Алматы апорты» атты иіссу жасап шығарылды

0
1 558

Парфюмердің «Алматы раушаны», «Жусан» деп аталатын коллекциясы да бар.


 Елімізде «Алматы апорты» атты иіссу жасап шығарылды

Алматылық Гүлжан Түзелбаева жақында «Алматы апорты» деп аталатын иіссу жасап шығарды, деп жазады 24.kz сайты.

Парфюмердің «Алматы раушаны», «Жусан» деп аталатын коллекциясы да бар.

Жас ғалым ел аралап, әр өңірдің өзіндік табиғатына сәйкес келетін парфюм шығарсам дейді. Парфюмер болуды Гүлжан бала кезінен армандаған. Біздің елде мұндай мамандықты дайындамайды. Сондықтан мектеп бітірген соң, бойжеткен иіссудың отаны Францияға аттанады. Сол жақтағы парфюмериялық институтқа түсіп білім алып шығады. Қазір бірнеше иіссу топтамасының авторы.

Зертханалық жұмыстарын Сәтбаев университетінде жасайды. «Алматы апорты» иіссуына франциялық мамандардың өздері жоғары баға берген.

- Маған парфюмның хош иісі бұрыннан ұнайды. Есімімді де Гүлжан деп тегін қоймаған шығар. Иісінен-ақ кез-келген гүлді ажыратып айтып бере алам. Алматы апортымен, жайқалған гүлімен танымал. Соны брендке айналдырғым келеді. Әрине жұмыс оңай емес. Шикізаттың біразын Франциядан алдырамыз. Концентраттың бір бөлігі осында жасалады, дейді парфюмер Гүлжан Түзелбаева.

Иіссудың алдымен формуласы жасалады. Яғни құрамын, мөлшерін анықтап алады. Бір тамшы артық не кем болса иіссу мүлдем өзеріп кетеді. Сондықтан, өте ұқыптылық керек. Қазір оның зертханасында 20-ға жуық ингредиент бар. Әсіресе, алма, балқарағай, раушан, ваниль, апельсин иісіне негізделген концентраты ерекше. Парфюмерлікке бет бұрып жүрген Исира Шайзаттың айтуынша Алматының раушанына жетер гүл жоқ. Бірақ бір келі эссенциясы үшін 770 мың келі гүл жапырағы қажет.

- Бұл ингредиенттер, раушан ингредиенті Франциядағы ең қымат ингредиент бірі болып табылады. Дәл осы раушан гүлдері алматылық розалардың бірі. Ол Талғар рет Алматы облысында өседі. Дистилляциялық аппарат арқылы майын шығарып осы гүлдердің тек бутондарын іске асырамыз.Осы майды біз өзіміздің парфюмге қолданамыз, дейді Исира-Батул, Шайзат зертханашы.

Қазірдің өзінде Гүлжан 60-қа жуық парфюм жасап шығарды. Оның арасында хош иісті балауыз бен үйге арналған жұпар да бар. Алдағы уақытта ол зауыт ашып, айына 10 000 дана парфюм өнімін шығаруды жоспарлап отыр.