Гүлшара Әбдіхалықова жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді

0
2 128

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова іссапармен келді.


Гүлшара Әбдіхалықова жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді

ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова бастаған делегация жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Басты мақсат - "Nur Otan" партиясының XVIII кезекті съезінде Елбасы тапсырған "Әлеуметтік қамсыздандыру" жаңа әлеуметтік шараларды жүзеге асыруды түсіндіруді.
Делегация құрамында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова, Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева, ИИДМ Құрылыс және ТҮКШ істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов бар.
Делегация мүшелері аймақ тұрғындарымен бірнеше кездесулер өткізді. Сондай-ақ, Гүлшара ӘбдіхалықоваЮНЕСКО өкілдерімен кездесіп «Әзірет Сұлтан» мұражай қорығының аумағын қалпына келтіру бойынша кеңесті.