​Кезекті рейд жұмыстары түсіндірілді

0
1 554

Төтенше жағдай басқармасының мамандары халыққа төмендегі кеңестерді түсіндірді.


​Кезекті рейд жұмыстары түсіндірілді

Түлкібас ауданында кезекті рейд жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі аудандық төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.

Түлкібас ауданы, Т. Рысқұлов ауылы, Б. Садыков, Бекбосынов көшесі н/з мекен-жайы бойынша әлеуметтік есепте тұрған тұрғындармен Түлкібас ауданының ТЖБ-нің бас маманы азаматтық қорғау майоры А. Қоқыров, Түлкібас ауданының ТЖБ-нің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Б. Оксикбаев, Түлкібас ауданының жергілікті полиция бөлімінің полиция капитаны Б. Амировпен улы газдан сақтану бойынша бірлескен рейдттік аралау жұмыстарын өткізді.

Жылыту маусымы кезінде улы газбен уланудың алдын алу іс жоспарына сәйкес әлеуметтік есепте тұрған тұрғындарға газды дұрыс пайдалану және улы газдан сақтанудың ережелері түсіндірілді.
СО2 - Көміртек оксиді – бұл иісі жоқ суда ерімейтін, көк түске боялған газ.

Иісті газдан улану қаупі – ақауы бар пеш жанып жатқан немесе түтін алып кеткен бөлмеде қалып қойған адамдар мен қозғалтқышы істеп тұрған жабық гаражда және автокөлікте ұзақ уақыт қалып қойғандарда туындайды.

Уланудың алдын алу үшін:
Тұрмыстық жағдайда қатты немесе сұйық отынмен істейтін жылу беру қазандықтары жарамдылығы мен мұржаларының таза болуы мен жылу беру орталықтарының желдеткіші болуын қадағалау керек.

Төтенше жағдай басқармасының мамандары халыққа төмендегі кеңестерді түсіндірді.

Мұндай төтенше жағдай бола қалған кезде дереу алғашқы медициналық көмекке жүгіну керек. Ол үшін мына кеңестерді жүзеге асырыңыз:

  1. 103 нөмері арқылы жедел жәрдем шақырыңыз;
  2. Есік терезелерді ашып зардап шегушіні таза ауаға шығарыңыз;
  3. Жасанды тыныс беріңіз;
  4. Мүсәтірлі спиртті иіскетіп немесе жоғары ерін мен мұрын арасына өткір тырнақпен массаж жасаңыз;
  5. Зардап шеккен адамға ыстық шәй беріңіз.

Ескеріңіз! Ешқашан зардап шеккен адамның ұйықтауына жол бермеңіз.

Иісті газдан уланудың алдын алу бойынша, 15 тұрғын үйге, 35 дана ескертпе парақшалары таратылды.