Шамамен сағат таңғы 6:00 шамасында 102 пультіне Самара-Шымкент тас жолында ірі жол көлік оқиғасы орын алғаны жайында хабар түскен.
Шымкенттегі көлік апаты 2 адамның өмірін жалмады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. otyrar.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Шамамен сағат таңғы 6:00 шамасында 102 пультіне Самара-Шымкент тас жолында ірі жол көлік оқиғасы орын алғаны жайында хабар түскен. Мұнда ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі жолды бөліп тұрған қоршауға соғылған. Бұл көліктің апатқа ұшырағанынан кейінгі көрінісіне қарап, қатты жылдамдықпен жүріп келгені анық көрінеді. Өйткені көліктің сау тамтығы қалмаған.
Соққының соншалықты қатты болғаны автокөліктің бөлшектелген сынықтары жолға шашылған. Автокөліктің алдында отырған жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Тағы бір жолаушы 1991 жылғы азамат жедел жәрдем ауруханасына ауыр халде жеткізілді.
Жол көлік оқиғасы орын алған жердегі жарамсыз бөлшек сынықтарды коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері тез арада жинастырып алды.