Көршісінің қымбат көлігін ұрлап кеткен түркістандық тұрғын ұсталды

0
1 219

Белгісіз тұлға көршісінің көлігін түнгі уақытта айдап кеткен.


Көршісінің қымбат көлігін ұрлап кеткен түркістандық тұрғын ұсталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы Түлкібас ауданы тұрғынының аулада тұрған көлігін белгісіз біреулер айдап кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Түркістан облысының ПД хабарлама жасады. Аталған ақпаратқа сүйенсек, Түлкібас АПБ-не таңғы 7:30-дар шамасында жергілікті тұрғын арызданып, ауласында тұрған көлігінің таңертең жоқ болғандығын және белгісіз біреулердің айдап кетуі мүмкін екендігін айтады. Тиісінше тәртіп сақшылары арызданған тұрғынның көлігін табу үшін бірден бүкіл жеке құрамға және кезекшілікке хабарлап, жәбірленушімен бірге жолға шыққан. Яғни, ұрланған көлікті тездетіп табу мақсатында Түлкібас АПБ-нің тәжірибелі полицейлері ауданның маңызды жолдарын аралауды бастайды.


Нәтижесінде, жымқырылған көлікті Түлкібас ауданынан 20 шақырым жерден тапқан және белгісіз тұлға тұрғынның көлігін түнгі уақытта айдап кетіп, арам пиғылын іске асырмақ болғаны анықталған және жәбірленушінің айтуынша, көлікті айдап кеткен күдікті оның көршісі болған.


Бүгінгі таңда аталған жайт Түлкібас АПБ қызметкерлерімен тіркеуге алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, күдіктінің не мақсатпен көршісінің көлігін айдап кеткені анықталуда.Тәркіленген автокөлік заңды иесіне қайтарылған.