Тарихи-мәдени орындар жайлы суреттер қойылды.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қазандық бөлмесінде 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай көрме ашылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Көрмеге Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тарихы,құрылыстық ерекшелігі,кесене ішіндегі тарихи мұралар мен қорық-музейге қарасты тарихи-мәдени орындар жайлы суреттер қойылды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК құрамында 99 тарихи-мәдени ескерткіш және 24 мыңнан аса жәдігер бар.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК – республикадағы іргелі музейлердің бірі. Қорық-музей ақын, ислам дінінің көрнекті жаршысы, «Түркістан пірі» атанған ғұлама Қожа Ахмет Ясауи (Әзірет Сұлтан) құрметіне арнап, ХIV ғасырдың соңында Әмір Темір салдырған кесене негізінде Түркістан қаласында 1978 жылы 30 қыркүйекте «Республикалық Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сәулет ғимараты музейі» ретінде ашылды. 1989 жылы тамыздың 28 күні Қазақ ССР Министрлер кеңесінің №256 қаулысымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» болып құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24.07.2015 жылғы «ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» №585 қаулысымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК болып қайта құрылған.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК болып қайта құрылған. Мұнда1 халықаралық, 20 республикалық, 7 жергілікті маңызға ие ескерткіш, алдын-ала есепке алынған 71 ескерткіш бар.