Мақтарал ауданында жаңа оқу жылында 8 білім ұясы ел игілігіне беріледі.
Түркістан облысы, Мақтарал ауданында жаңа оқу жылында 8 білім ұясы ел игілігіне беріледі. Бұдан бөлек биыл 8 мектептің іргетасы қаланбақ. Сондай-ақ, ауданда 5 модулді медициналық тректің құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды ERNUR.KZ Мақтарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Сансызбай Сейдалиев баяндамасы бойынша, 8 білім ошағындағы құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Биыл Жетісай қаласындағы 80 гектар аумақта 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы бастау алатын болады. Бұдан бөлек 4 қабатты 12 тұрғын үйдің барлық құжаттары облыстық құрылыс басқармасына өткізілген. Ауданның бас архитекторы Достық және Жамбыл ауылдық округі әкімдігінің жаңа ғимараттары мен 5 модулді медициналық тректердің де құрылысы аяқталғалы жатқанын айтты.
Аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев жаңадан салынып жатқан мектептердің жылу жүйесін көмірден бөлек, газға да қоса алатындай етіп жасауды тапсырды. Өйткені 2020 жылға дейін аудан елді мекендері толықтай газбен қамтылатын болады. Сондай-ақ, аудан басшысы күрделі және орта жөндеуден өтіп жатқан мектептерге бақылауды күшейтілетін болады.