Мархабат БАЙҒҰТ: Бетбұрыстар баянды болғай

0
1 225

216 өңірлік бағдарламаларға халық жан-жақты қатысуға, белсенділік танытуға толық мүмкіндік алды.


Мархабат БАЙҒҰТ: Бетбұрыстар баянды болғай

«Nur otan» партиясының ХХ сьезінде сайлауалды бағдарлама және Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту туралы мәселелер қаралды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Партияның сайлауалды бағдарламасы әрбір өңірдің өзгешелігіне, өріс алып, өрлеуіне орайлас ойластырылғаны қуантады. Осылайша әзірленген 216 өңірлік бағдарламаларға халық жан-жақты қатысуға, белсенділік танытуға толық мүмкіндік алды. Талқылауда да талапшылдық таныта білді.

Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мағлұмдағандай, жұртшылық тарапынан келіп түскен 17 мыңнан астам ұсыныс ескерілді. Демек, бағдарламаның орындауында баянды да байыпты болмақ. Елбасы, Партия Төрағасы өткен сьезде «Nur otan» партиясының алдына нақтылы міндеттер қойған еді. Ол міндеттер халыққа барынша жақындау, елмен етене болу, халық мүддесіне қызмет ету сияқты мақсаттарға саятын. Осы орайда жарасымды да жарқын қадамдар жасалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламаны таныстыру барысында жауапты мемлекет, жауапты қоғам, жауапты адам мәселесін терең мәністеді. Нақты жоспарларды баяндады. Барлық тыныс-тіршілік халық, ұлт мүддесіне қызмет етпекке бағытталып жатыр. Тұңғыш Президент те, қазіргі Президент те Әл Фараби, Ахмет Ясауи, Абай аманатарына адал болу туралы айрықша атап көрсетуде. Арнайы бағдарламалық мақалалар жариялады. Жолдауда да данышпандар даралаған мұраттарға баса назар аударылды. Алып ойшылдардың асыл мұараларын айналымға түсіріп, жас ұрпақ тәрбиесіндегі алтан арқауға айналдыруда бетбұрыс бар. Баянды болғай деп тілейміз.

Сайлауалды бағдарламаның өңірлерге ыңғайланып, нақтыланғаны сияқты Әл Фараби, Ясауи, Абай аманаттарын жүзелеуде де нақтыланған бағдарлар, нақтылы атқарылар шаруалар мен шаралар өте-мөте қажет. Екінші ұстаз атанған жерлесіміз Әбу Насыр Әл Фараби бәдіздегендей, бәйекшіл парасат, әрекетшіл парасат, пәрменді парасат болғанда ғана сол шаруалар мен шаралар сапасын ұлт санасы мен сапасын бейіктетпекке қалтқысыз қызмет етпек. «Nur otan» партиясы, оның өңірлік филиалдары бұл бағыттардада жаңашылдық, жоғары жауапкершілік, бастамашылдық танытпағы ләзім-дүр.

Мархабат Байғұт

Жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Түркістан облысы.