Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Бөкебаев қатысып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Сауранда «Мектепке жол» акциясы аясында 300-ден астам оқушыға оқу құралдары табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сауран ауданы, Шаға ауылдық округіндегі Әшірбек Сығай атындағы жалпы орта мектебінде республикалық «Мектепке жол» акциясы өтті. Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Бөкебаев қатысып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Акция барысында жергілікті демеушілер есебінен 300-ден астам оқушыға қажетті оқу құралдары мен киім-кешек үлестірілді.
Жалпы акция - аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға көмек көрсету мақсатында қолға алынған.