"​Мен өз елімнің патриотымын" атты әскери шеру өтті

0
2 382

Әскери шеру Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған.


Түркістан облысы Келес ауданында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай әскери шеру өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келес ауданының орталығы Абай ауылында орналасқан №110 жалпы орта мектебінде аудандық Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Мен өз елімнің патриотымын» атты тақырыпда әскери шеру болып өтті.

Салтанатты шараны аудандық Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бахтияр Абдиев ашып берді. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, шеруге келген көрермендерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Салтанатты әскери шеруге аудандық білім ошақтарының оқушылары қатысып, өздерінің сегіз қырлы, бір сырлы екендіктерін көрсетті. Түрлі спорттық сайыстардан бақтарын сынаған қатысушылар көптің қошеметіне бөленді.

Шара соңында ауданның өнерпаз қатысушыларына аудандық Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Алғыс хаты тапсырылды. Сондай-ақ жеңімпаз және жүлделі болған ұжымдарға арнайы кубоктар берілді.