Мыңнан астам түркістандық тұрғын тазалық шарасына қатысты

0
2 105

Ұзындығы 38 шақырымға жететін көпірлер мен өзен, су арналарын жинап-тазалау жұмыстары жүргізілді.


Мыңнан астам түркістандық тұрғын тазалық шарасына қатысты

Мыңнан астам келестік тұрғын тазалық шарасына атсалысты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Келес ауданы аумағында тұрғындардың қатысуымен санитарлық-тазалық жұмыстары ұйымдастырылып 2 000-ға жуық ағаш көшеттері егілді. Жалпыхалықтық сенбілікке 1 000-ға тарта аудан тұрғындары қатысты. Олар көшелерді қоқыстан тазартып, ағаш көшеттердің түбін әктеп, саябақтардың ішін тазалады. Сонымен қатар, ұзындығы 38 шақырымға жететін көпірлер мен өзен, су арналарын жинап-тазалау жұмыстары жүргізілді.

Тазалық жұмыстарына мемлекеттік мекеме қызметкерлері де белсене араласты. Олар аудан аумағынан өтетін республикалық маңызы бар жолдардың бойын абаттандырып, облыстық, аудандық маңызы бар көшелердің бойына ағаш көшеттерін екті. Санитарлық-тазалық күнінде 50 тоннадай күл-қоқыс жиналып, арнайы полигонға тасталды. Алты автобус аялдамасында әктеу, сырлау, тазалау жұмыстарды жүрзілді.