​Облыстық «Отырар» кітапханасында «Тұран – Иран руханиятындағы Қожа Ахмет Йасауидің орны» атты семинар өтті

0
2 450

Ұйымдастырушылар — Иран Ислам республикасы бас консулдығы жанындағы мәдени орталық.


​Облыстық «Отырар» кітапханасында «Тұран – Иран руханиятындағы Қожа Ахмет Йасауидің орны» атты семинар өтті

ERNUR.KZ. «Отырар» кітапханасында«Тұран – Иран руханиятындағы Қожа Ахмет Йасауидің орны» атты семинар өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

«Отырар» кітапханасында өткен «Тұран – Иран руханиятындағы Қожа Ахмет Йасауидің орны» атты семинарда ғалымдар, дінтанушылар руханият іліміндегі ортақ құндылықтарды насихаттауды мақсат еткен. Ұйымдастырушылар — Иран Ислам республикасы бас консулдығы жанындағы мәдени орталық.

Сейіт Жәуад Жәлоли, Иран Ислам Республикасы Бас Консулдығы жанындағы мәдени орталықтың директоры: «Негізінде ирандықтардың көзқарасы бойынша Йасауи ислам әлеміндегі ерекше тұлға болып табылады. Ол кісі Түркістанның пірі, Түркістанның рухани ұстазы деген атпен белгілі. Біздің мұнда келіп отырғандағы мақсатымыз – Ясауидің ислам әлеміндегі орнын нақтылау, насихаттау», — дейді.

Зылиха Жантасова, филология ғылымдарының кандидаты, «Отырар» кітапханасының ғылыми хатшысы: «Жалпы Йасауи ілімі – хәл ілімі. Қазақ, түркі руханиятындағы моральдық, руханият қағидаларын қалыптастырған үлкен ғалым. Тек түркі халықтары емес, иран әдебиетінде де өзіндік орны бар. Сондықтан да иран консулдығының мамандары Ясауи ілімін, зерттеп, зерделеп қазіргі қоғам болмысын, руханиятын қалыптастыруда адамгершілік ілімін насихаттау мақсатында өтіп жатыр».

Жиын барысында Ясауи ілімін зерттеуші ғалымдар, теологтар, дінтанушылар ортақ пікірлер айтып, талдау жасады. Болашақта тереңдете зерттеп, бірнеше тілдерге аударып, біршама жобаларды жүзеге асырмақ.