ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі Нұржан Әлтаев Ордабасы ауданына іс-сапармен келді.
ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі Нұржан Әлтаев Ордабасы ауданына іс-сапармен келді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауынан туындайтын міндеттемелерді, орын алатын өзгерістерді түсіндіру үшінарнайы келген Нұржан Бауыржанұлы өз кезегінде жұмыссыздарға қатысты мәселені шешуге білек сыбана кіріскендерін жеткізді.
«Бүгінде біз қала, облыс әкімдіктерімен бірлесе жол картасын жасадық. Биыл 500 мың азаматты қайта оқытып, бос жұмыс орындарына жіберуді жоспарлаудамыз. Сондай-ақ,министрлік азаматтармен байланысты жақындата түсу үшін, бірыңғай ватсап желісін іске қосты. Бұдан былай кез-келген азамат 87001011414 нөміріне министрлік саласына қатысты өз сауалын жолдап, жауабын ала алады »,-деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі Нұржан Әлтаев.
Сонымен қатар, Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың саны 2 миллионнан асатынын, алайда осы азаматтардың тіркелуіне қатысты шешілмеген мәселе барын атап өтті.
Жиын соңында жергілікті тұрғындар вице-министрге өздерін толғандырған сұрақтарды жолдап, жауап алды.