ОҚО: Бәйдібек ауданында баламалы энергия көздерін өндіру қарқын алуда

0
1 867

Сонымен қатар, шетелдік «Emperial Renewabie Energy» ЖШС-і (қуаттылығы 100 мВт) және «KK-Kiunsen» (қуаттылығы 210 мВт) кәсіпорындары жобалық сметалық құжаттарын әзірлесе, аталған саладағы жұмыстарды ағымдағы жылы толық аяқтау жоспарланып отыр.


ОҚО: Бәйдібек ауданында баламалы энергия көздерін өндіру қарқын алуда

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында баламалы энергия көздерін өндіру жанданып келеді. Қазіргі таңда өнім қуаттылығы 40 мВт болатын отандық «Ветропарк Жүзімдік» ЖШС-і қажетті құжаттарын толық дайындап, осы жылы құрылыс жұмыстарын бастайды. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов мәлім етті,-деп хабарлайды ERNUR.KZтілшісі.

Сонымен қатар, шетелдік «Emperial Renewabie Energy» ЖШС-і (қуаттылығы 100 мВт) және «KK-Kiunsen» (қуаттылығы 210 мВт) кәсіпорындары жобалық сметалық құжаттарын әзірлесе, аталған саладағы жұмыстарды ағымдағы жылы толық аяқтау жоспарланып отыр.

Аудан басшысының айтуынша, ағымдағы жылы индустриалды аймақта ет және сүт өңдейтін және табиғи байлықтарды өндіретін өндіріс орындарын орнату жоспарлануда.Оның бірі ет, сүт және мал азығын қайта өңдейтін «Шаян өнімдері» агро кешені. Жобалық құны 1 500 млн. теңгені құрайтын кәсіпорын жылына 2000 тонна ет, 2500 тонна сүт, 5000 тонна мал азығын өндірмек.

Сондай-ақ, аудандағы өткен жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемінің жоспары 5 млрд. теңге болса, жыл қорытындысымен жалпы 34 млрд. теңгені құрап, 7 есе артық орындалған. Бұл облыстағы ең жоғарғы өсім көрсеткіші болып отыр.

«2017 жылы аймақтағы жалпы өңірлік өнім көлемі 34,8 млрд. теңгені құрады. Былтыр аудан бюджетінің кірістері 15,4 млрд теңгеге бекітіліп, жыл қорытындысымен 100,2 пайызға артығымен орындалды. Өңірде өткен жылы өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 3,1 млрд. теңгеге жетіп, нақты өсім көлемі 103 пайызды құрады», - деді Бақытбек Төленұлы.

Елбасы Жолдауында елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 2050 жылға қарай 50 пайызға жеткізу тапсырылған болатын. Осы орайда ауданда 3500-ге жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істеуде. Аталған саладағы өндірілген өнім көлемі өткен жылы 7,3 млрд. теңгені құраған.

Айта кетерлігі, Бәйдібек ауданындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі өткен жылы 17,4 млрд. теңге болып, нақты көлем индексі 105 пайызға жетіпті.

Бұдан өзге, құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша аудан облыста алдыңғы қатарда келеді.

«Өткен жылы аймақта 74 нысанның құрылысы жүргізілді. Былтыр 11519 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2016 жылмен салыстырғанда 106,5 пайызға артқан. 2018-2020 жылдар аралығында 10 елді мекенде медициналық тіректердің, 4 елді мекенде фельдшерлік-акушерлік тірек құрылыстарын жүргізу көзделген», - деді Бақытбек Танагөзов.

Инфрақұрылым мәселесі бойынша аудандағы 52 елді мекеннің 34-інде орталықтандырылған ауыз су құбырлары жүргізілген. Ағымдағы жылы ауданның таза ауыз сумен қамтылу деңгейін 95 пайызға жеткізу межеленген. Сондай-ақ, 8 елді мекенде газ жүйесінің өтпелі құрылыстары ағымдағы жылы аяқталады. Табиғи газбен қамтамасыз ету үшін өзге 14 елді мекеннің сәулеттік-жоспарлау тапсырмалары әзірленуде.

Аудан әкімінің мәлімдеуінше, аймақта «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» үш бағыты бойынша белгіленген межелер толығымен орындалған.

«Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі балабақшалар саны 20-ға жетіп, қазіргі таңда аймақтағы мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 85,5 пайызды құрап отыр.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, ауданда ауыл жастарын қолдауға бағытталған «Дипломмен ауылға» жобасы сәтті жүзеге асып келеді. Мәселен, өткен жылы бағдарламамен 57 жас көтерме жәрдемақымен қамтылса, 27-сі тұрғын үй алуға несие алған.

дереккөз: ОҚО әкімінің баспасөз қызмет