«ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЙЛЫҒЫ»: Түркістан облысында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
44

Өрттің алдын алу - қауіпсіздіктің кепілі!


«ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЙЛЫҒЫ»: Түркістан облысында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Түркістан облысының тұрғын үйлерінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері «Өрт қауіпсіздігі айлығы» аясында жылу беру маусымында өрттің алдын алу мақсатында тұрғын үйлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.


Тұрғындарға жылыту құралдарын қауіпсіз пайдалану, тұрмыста жиі кездесетін өрт қауіптері және төтенше жағдайда әрекет ету ережелері түсіндірілді.


Мамандар қауіпсіздіктің қарапайым талаптарын сақтауға шақырады және әрбір азаматтың алдын алу шараларына жауапкершілікпен қарауының маңыздылығын ескертеді.


Өрттің алдын алу - қауіпсіздіктің кепілі!

Бөлісу