Отырарда тұңғыш рет "Музей түні" өтті

0
2 313

​Сан ғасырлық мұралардың киелі ордасына айналған аталған музей «Музей түні» атты кешкі мерекелік шараны тұңғыш рет ұйымдастырды.


Отырарда тұңғыш рет
ERNUR.KZ. 18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде «Музей – халық қазынасы» атты тарихи-танымдық мерекелік шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сан ғасырлық мұралардың киелі ордасына айналған аталған музей «Музей түні» атты кешкі мерекелік шараны тұңғыш рет ұйымдастырды.

Мерекелік шарада музей көрермендеріне «Тас дәуірі – Қарахан дәуірі» экспозициялық бөлімінде сол кезеңдердің үлгісімен киінген таныстырушылардың әңгімелері ерекше әсер қалдырса,

«Отырар Моңғолдардың кезінде», «Құмырашы», «Киіз үй» бөлімдерінде қойылған театрландырылған көріністер көне заманды бейнеледі.

Ал әлем ұстазы атанған Әбу Насыр әл Фараби - тек отырарлықтардың ғана емес, күллі түркі әлемінің, қала берді мұсылман қауымының мақтанышы.


Музей түнінде ғұлама бабаның туған жер туралы толғамы, ғылым мен білім жайлы толғаныстары тамашалаушыларды айрықша тебірентті.

«Музей түні» мәдени шарасы ауызашарға ұласты.