Полиция басшысы әжетхана күзетпегені үшін айыпталған мұғалімнен кешірім сұрады

0
1 642

31 жылдық өтілі бар ұстазды "әжетхана күзетпегені үшін" қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Данияр Мейірхан бастаған бір топ полицей ұстап әкеткен.


Полиция басшысы әжетхана күзетпегені үшін айыпталған мұғалімнен кешірім сұрады

Түркістандағы №15 мектептің мұғалімін әжетхана күзетпегені үшін ұстап әкеткен қалалық полиция бөлімінің бастығы Данияр Мейірхан ұстаздан кешірім сұрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жөнінде Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Түркістандағы №15 мектепте орын алған жағдай баршамызды алаңдатты. Бұл жағдайды өз бақылауыма алып, мән-жайын анықтадық. Келеңсіз жағдайлар орын алып жатады. Бірақ, ұстаздың орны бөлек, әрдайым беделі биік. Балаларға білім беретін жандар қашан да біздің қолдауымыз бен қамқорымызға жүгіне алатынына сенімді болуы тиіс. Қалалық ішкі істер бөлімінің бастығымен бірге ұстаз алдына бардық. Ұстаз үйінде полиция басшысы кешірім сұрады, ұстаз кешірімін берді. Мұндай жағдайлар қайталанбас үшін барлық шаралар жасалатынын хабарлаймыз» деп жазады қала басшысы.

Еске сала кетейік, Түркістанда Мағжан Жұмабаев атындағы №15 орта мектептің мұғалімі Бақыт Кеукенов «әжетхана күзетпегені үшін» жазықты болған. 31 жылдық өтілі бар ұстазды қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Данияр Мейірхан бастаған бір топ полицей ұстап әкеткен.

Бұл жағдай Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке жетіп ол мұғалімге араша түскен болатын.