Шөкеев Сайрам ауданындағы ет саудасын ретке келтіруді тапсырды

0
996

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтің өткен жылдың қорытындысы бойынша есебін тыңдаған аймақ басшысы бұл мәселеге қатысты жауапты сала жетекшілеріне нақты міндеттер жүктеді.


Шөкеев Сайрам ауданындағы ет саудасын ретке келтіруді тапсырды

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Сайрам ауданындағы шаһар шырайын қашырған сұрықсыз сауда орындары мен олардың салық төлеу тәртібін ретке келтіруді тапсырды. Әсіресе, ет саудасымен айналысатын ірі саудагерлердің салықтан жалтарып не салықтың жеңілдетілген түрімен құтылып жүргендерін анықтап, тиісті шара көруді міндеттеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтің өткен жылдың қорытындысы бойынша есебін тыңдаған аймақ басшысы бұл мәселеге қатысты жауапты сала жетекшілеріне нақты міндеттер жүктеді.

Сонымен қатар, Өмірзақ Естайұлы Сайрам ауданы мен Шымкент қаласының арасындағы тасжолдың құрылысына қатысты мәселені қысқа уақытта шешуді тапсырды. Сайрам ауданы биыл ауызсу мен газбен қамтамасыз ету бойынша 100% орталықтандырылмақ. Сондай-ақ, «Еңбек» бағдарламасы мен өңірде бастау алған «Қамқорлық» жаңа жобасы бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылған.

Жылдық есептен соң Өмірзақ Естайұлы Сайрам ауданының тұрғыны Әлібек Байназар ақсақалды қабылдады. Ардагер облыс әкімінен тозығы жеткен облыстық маңызы бар «Көксәйек – Ақсу – Шаян – Мыңбұлақ» автожолын жөндеуді қолға алуды сұрады. Көлік қарқындылығы жоғары тасжол бірнеше ауылдан өтеді. Облыс басшысы аталған жолдың республикалық бюджеттен қаржыландырылатынын айтып, мәселенің алдағы ақпан айында шешімін табатынын атап өтті.