Шымқалада абаттанған Қошқар Ата жағалауы ел игілігіне берілді

0
1 805

ERNUR.KZ. Бүгін ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев абаттандыру жұмыстары жүргізілген Қошқар ата өзенінің жағалауы ел игілігіне пайдалануға берілгеніне куә болып, А.Асқаров көшесінде жасалатын көркейту жұмыстарымен танысты.


Шымқалада абаттанған Қошқар Ата жағалауы ел игілігіне берілді

ERNUR.KZ. Бүгін ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев абаттандыру жұмыстары жүргізілген Қошқар ата өзенінің жағалауы ел игілігіне пайдалануға берілгеніне куә болып, А.Асқаров көшесінде жасалатын көркейту жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Алғашқы қалыпқа келтіру жұмыстарының ізін алған шара «Shymkent Plaza» ойын-сауық сауды орталығына дейін жалғасқан.Өзен бойынан 100 шақты үй сүріліп, 50-ге жуық гараждар бұзылған. Сондай-ақ түбі тазаланған өзеннің екі жағасына жүргіншілер жолы салынып, тастар төселді. Алдағы уақытта өзен жағасында құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

«Осы жұмыстарды қысқа мерзім ішінде атқарған қызметкерлерге алғыс білдіруіміз керек. Өкінішке орай, жастар белсенділігі жетіспейді. Қаладағы осындай өзен, каналдардың барлығын тазалауымыз керек. Осы атқарылған шараларға куә болуға барлықтарыңызды шақырдық, осындай игі істер көбейе берсін», - деп ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев өз сөзін қорытындылады.

Өзен бойындағы үй тұрғындары да абаттандыру жұмыстарына көңілдері толғанын жеткізіп, алғысын айтты.

«Shymkent plaza» ойын-сауық, сауда орталығында ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев А.Асқаров көшесінде алдағы уақытта қандай көркейту жұмыстары жүргізілетінін экранда көрсетілген ролик арқылы түсіндірді. А.Асқаров көшесінде алдағы уақытта ағаштар егіліп, су бұрқақтары, велосипед жолдары салынатын болады.