Мектеп басшылығы қайғылы жағдайдың орын алғанын растап, қазіргі таңда тиісті тергеу шаралары жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Медициналық срапатамалардан соң, 16 жасар баланың қандай жағдайда көз жұмғаны анықталатын болады.
Қазіргі таңда оқушының аяқ асты өліміне қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде,-деп хабарлайды ERNUR.KZ tvk арнасына сілтеме жасап.
"Жас ұлан" әскери мектебіне талапкер қабылданбас бұрын, түрлі сынақтардан өтеді. Тіпті, психологиялық тестілеуден соң олар дене даярлығы мен медициналық куәландырудан сүрінбей өтуі қажет. Ал бұл жағдай курсанттар мен оқытушыларға күтпеген оқиға болып отыр. Өйткені, жасөспірімнің бұған дейін денсаулығы ешқашан сыр бермеген. Бізге жеткен ақпарат бойынша, оқушы жаттығу барысында көз жұмған.
Мектеп басшылығы қайғылы жағдайдың орын алғанын растап, қазіргі таңда тиісті тергеу шаралары жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Медициналық сарпатамалардан соң, 16 жасар баланың қандай жағдайда көз жұмғаны анықталатын болады.