"Тарихы терең Түркістан" ақпараттық туры басталды

0
1 838

Қатысушылар 7 күн бойы Түркістан облысындағы 40 нысанды аралайтын болады.


Бүгін Түркістан облысы, Кентау қаласы, Қарнақ елді мекенінде "Тарихы терең Түркістан" атты ақпараттық туры басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталмыш тур "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша "Open Kazakhstan" ЖШС ұйымдастырылып отыр.

Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысы қоғамдық даму басқарма басшысының орынбасары Дамир Жүнісов жоба қатысушыларына сәттілік тіледі.

Ішкі туризмді дамыту мақсатында қолға алынған үлкен жоба аясында қатысушылар 7 күн бойы Түркістан облысындағы 40 нысанды аралайтын болады. 40 нысанның ішіне 24-і республикалық, ал 16-сы облыстық маңызы бар киелі орындар кіреді. Алғашқы экспедиция тобы 3 күн бойы Түркістан облысының киелі орындарының 15 нысанын аралауды жоспарлауда.

Атап айтқанда, турдың алғашқы экпедициясының нысаны Шәммет ишан мешітінен басталып, Үкаша ата құдығы, Жылаған ата сарқырамасы, Сауран қалашығы, Әзірет Сұлтан кешені, Күлтөбе қалашығы, Әлқожа кесенесі, Арыстан баб кесенесімен жалғасын табады да, Отырар қалашығы, Қажымұқан мазары, Аққойлы мешіті, Ордабасы монументімен қортындыламақ.