​Түлкібастың келіндері сынға түсті

0
1 497

Іс-шара «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Түлкібас ауданының 90 жылдық мерекесіне орай өткізілді.


​Түлкібастың келіндері сынға түсті

Түркістан облысы Түлкібас ауданында «Сырласым – жеңгем» атты аудандық байқау болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі аудандық Мәдениет бөліміне сілтеме жасап.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Түлкібас ауданының 90 жылдық мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде «Сырласым – жеңгем» атты аудандық байқау өтті.

«Байқаудың басты мақсаты – жеңге мен қайынсіңілі, ене мен келін арасындағы сыйластық бір-біріне деген ілтипат, үлкенді сыйлау, келінді аялау, отбасының беріктігі мен жылылығын сақтау, отбасындағы тәрбиеде жіберіліп жатқан кемшілік тұстарын қалыпқа келтіру. Атадан балаға мұра етіліп келе жатқан әдеп-ғұрыпымызды, салт-дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді сақтау әрі насихаттау», болып табылады дейді ұйымдастырушылар.

Байқауға ауыл округтерінен бес үміткер қатысып, өз өнерлерін көрсеті. Сондай-ақ байқауға қазылар алқасы сайланып, әділ бағасын берді. Аудандық әжелер алқасының төрайымы Гүлбүбі Ешенқұлова марапат иелерін құттықтап, аудандық мәдениет үйінің арнайы дипломдары мен бағалы сыйлықтарын табыстады.