​Түлкібастың түлегі дизайнер номинациясына үміткер

0
1 229

Дулат Қалдыбайұлына дауыс беріп, Түлкібастың жеңісті күніне бірге күә болайық, дейді жастар орталығының қызметкерлері.


​Түлкібастың түлегі дизайнер номинациясына үміткер

иллюстрациялық сурет:ok.ru

Түркістан облысы Түлкібас ауданының тумасы, жас талант иесі Әбешов Дулат Қалдыбайұлы – Жас дизайнер номинациясының үміткері, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі аудандық жастар орталығына сілтеме жасап.

«Мамандық таңдау – адамның жастық шағында қабылдайтын ең маңызды шешімдердің бірі. Қуанышы да, ауыртпалығы да мол үлкен өмірге енді аяқ басқалы тұрған жас жеткіншектің алдында көптеген мамандықтың, оқу орнының ішінен өзіңе лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады», дейді болашақ дизайнер.

Тегінде, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет, сондықтан біздің болашағымыз да жастар» - деп тегіннен-тегін айтқан жоқ. Елбасының жастарға қояр талабы – білімді, білікті, кәсіби маман иесі болу.

«Таңдайтын мамандығың өзіңе, қоғамға қажетті, әрі қолыңнан келетін, көңіліңнен шығатын жұмыс болуы керек. Жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындыққа кездеседі. Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай мамандық таңдауы тиіс. Мамандық таңдау мәселесі, әсіресе біздің қоғамымыздың нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе», деп түйіндеді Дулат Қалдыбайұлы.

«Қоғамның дамуына, мемлекетіміздің өркендеп-өсуіне кішкентай ғана болса да оң септігін тигізуді армандайтын жас өреннің таланттар таңдалынатын бәйгеде оза шабуына атсалысайық. Құрметті Түлкібас ауданының тұрғындары жерлесіміз Дулат Қалдыбайұлына дауыс беріп, Түлкібастың жеңісті күніне бірге күә болайық, деп аудан халқына үндеу тастады Түлкібас ауданының жастар орталығының қызметкерлері.