Түркістан облысы Түлкібас ауданына қарасты Жабағылы ауылдық округінде мерекелік шара болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесіне орай Жабағылы ауылдық округінің клубында жеке кәсіпкер Т.Мылтықбаев, Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектеп ұжымы, әкімшілік және клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен түрлі тақырыпта мерекелік іс-шаралар өткізілді.
Ауылдың өнерпаз жастары мен талантты оқушылары ауыл клубында өз өнерлерін паш етіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Мерекелік жиын ауыл мектебінде жалғасын тапты. Білім ордасының спорт залында қазақтың спорттық ойындары ұйымдастырылды. Атап айтқанда, тоғыз құмалақ, қазақша күрес, волейбол сынды спорттан жасөспірімдер құр алақан еместіктерін дәлелдеп, спорттық сайысты қызықтыра түсті.
Мерекелік жиынның үшінші бөлігінде ауыл жастары түрлі тақырыпта діни-уағыздар мен тәрбиелік мәні зор насихат тыңдалды. Мерекелік кештің соңында жағдайы төмен және ауыл қарияларына дастархан жайылып, ас берілді.