Нәтижесінде, 1863 өтініш түсіп, 566 оқушы дарын мектебіне қабылданды.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Түркістан облысының барлық мектептерінде mektep.sitcen.kz порталы арқылы оқушыларды 1-ші сыныпқа қабылдау маусым айынан бері жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы Түркістан облыстық адами əлеуетті дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ардақ Садықова мәлімдеді.
Бүгінгі күні портал арқылы 7867 өтініш келіп түскен, оның 3418-сі өңделуде, 4449 өтініш электронды түрде қанағаттандырылған.
Облысымызда 902 жалпы орта білім беретін мектептердің барлығы 2018 жылдың шілде айынан бастап білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет mektep.sitcen.kz порталы арқылы автоматтандыру жүйесіне ендірілді. Аталған жүйе Түркістан облысының барлық аудандарына қосылды.
2018 жылы жүйе арқылы 54751 оқушы электронды түрде 1-ші сыныпқа қабылданған болатын.
Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 11-18 мамыр аралығында Түркістан облысының мамандандырылған дарын мектеп-интернаттарына оқушыларды қабылдау конкурсы толық автоматтандырылған түрде өтті. Нәтижесінде, 1863 өтініш түсіп, 566 оқушы дарын мектебіне қабылданды.