ТҮРКІСТАН: 11 ауыл жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамтылады

0
628

“Ксеll” АҚ басшылығымен келісімшарт жүргізілді.


ТҮРКІСТАН: 11 ауыл жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамтылады

Түркістан облысында тағы 11 ауыл жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамтылмақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Былтыр Түркістан облысында 58 ауылдық елді мекен тұрғындары интернетке кедергісіз қосылуға мүмкіндік алса, биыл жоспарланған 22 ауылдың 11-іне интернет желісін қосу бойынша “Ксеll” АҚ басшылығымен келісім шарт жүргізілді.


Қазіргі таңда Ордабасы ауданындағы Сарытоғай және Арыстанды ауылдарында, Отырар ауданындағы Темір, Талапты және Бесторанғы ауылдарында, Мақтаарал ауданындағы Шұғыла және Елқоныс ауылдарында, Төлеби ауданындағы Шатыртөбе және Костөбе ауылдарында, Бәйдібек ауданындағы Таңатар ауылында және Кентаудағы Бершінтөбе ауылында антенно-мачталық құрылғыларды орнату үшін арнайы жер телімдерін дайындау жұмыстары басталды.


Күзде осы елдімекен тұрғындарына интернет қолжетімді болмақ. Қалған 11 ауылға да @kcell.kz басшылығы жыл соңына дейін интернет желісін қосуды жоспарлауда.