70 шақырым қашық жерде қалып қойған.
Түркістан облысында қар құрсауынан 26 адам құтқарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2022 жылдың 20 қаңтарында «112» қызметіне Созақ ауданы, Шолаққорған ауылынан 70 шақырым жерде "Ұланбел-Созақ-екпінді" облыстық маңызы бар автожолының жабық учаскесінің 577-642 шақырымында жолаушылары бар 13 жүк және 9 жеңіл автомобиль қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түскен. Төтенше жағдай орнына келген құтқарушылар мен полиция қызметкерлері 13 жүк және 9 жеңіл автокөлікті сүйреп шығарып, оның ішінде 26 адамды құтқарып алды.
Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 10 қызметкер мен 1 техника, полиция департаментінен 8 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылған.