ТҮРКІСТАН: 270 мыннан астам адамға екпе салынады

0
280

Жалпы өңір тұрғындарының 12,9%-на екпе егу жоспарланған.


ТҮРКІСТАН: 270 мыннан астам адамға екпе салынады

Түркістан облысында 270 мыннан астам адамға тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы екпе салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында тұмау мен ЖРВИ-ға қарсы 271 348 дана «Гриппол+» екпесін тұрғындарға егу жұмыстары басталды. Жалпы өңір тұрғындарының 12,9%-на екпе егу жоспарланған. Бұл туралы брифингте облыстық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесов мәлімдеді.


«Түркістан облысы бойынша 2024 жылдың 8 айында жіті респираторлық вирустық инфекциясы бойынша (ЖРВИ)150 227 жағдай тіркелді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ЖРВИ ауруын жұқтырған азаматтар саны 43,6% өскен. Сондықтан да ЖРВИ-ға қарсы иммундау науқаны биыл 1 қыркүйектен басталса, ал тұмауға қарсы иммундау науқаны 15 қыркүйектен басталды. Қазіргі уақытта облыстық қоймаға 50 000 дана екпе жеткізілген. ЖРВИ және COVID-19 инфекцияларының асқынуларына жол бермеу мақсатында өңір бойынша 1 қазанға дейін екпе жұмыстарын толық аяқтау жоспарланып отыр», - деп баяндады спикер.


Сондай-ақ брифингке қатысқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев қазіргі таңда аймақтағы эпид ахуал туралы баяндады.


«Қазіргі таңда облыс бойынша 686 инфекциялық төсек-орын бар, оның ішінде ересектерге арналған - 241, балаларға арналған - 445, реанимациялық төсек-орын саны – 287. Бүгінгі күні инфекциялық төсек-орында жатқан науқас саны – 212, оның ішінде ЖРВИ саны – 203, пневмония – 9», -деді сала басшысы.

Бөлісу