ТҮРКІСТАН: 30 мыңға жуық оқушы ауыл олимпиадасына қатысты

0
275

ІІ аудандық кезеңі өтуде.


ТҮРКІСТАН: 30 мыңға жуық оқушы ауыл олимпиадасына қатысты

Республикалық олимпиаданың ІІ аудандық кезеңі басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІІ аудандық кезеңі басталды. 9-11 қазан аралығында облысымыздың 16 ауданында олимпиаданың ІІ аудандық кезеңі өтуде. Онда мектепшілік кезеңнен іріктелген 15 000-нан астам білім алушы өз білімдерін сынауда.


Олимпиадаға қыркүйек айында облысымыздан 32 854 білім алушы тіркеліп, оның 27 795-і қатысқан болатын. Бұл көрсеткіш өткен оқу жылымен салыстырғанда 6474 қатысушыға артқанын көрсетеді.


ІІ аудандық кезеңнің нәтижесі бойынша, ең жоғары ұпай жинаған 60 оқушы (әр пән және әр сынып бойынша 20 оқушы) ІІІ облыстық кезеңге қатысуға жолдама алады.

Бөлісу