Ол абайсызда суға құлаған.
Түркістан облысында 4 жасар қыз Арыс өзеніне құлап кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
17 наурыз күні Түлкібас аудандық ПБ-ға жергілікті тұрғындардың бірі арызданып, 4 жасар қызы Арыс өзеніне құлап кеткенін хабарлаған. Тексеру кезінде, сол күні кешкі уақытта кәмелет жасына толмаған үш туыс қыз Еңбек ауылының маңында ағып жатқан Арыс өзеніне барғаны анықталды. Алдын ала болжам бойынша, қыздардың бірі өзеннен өтпекші болып, абайсызда суға құлаған. Ал, судың ағыны оны алып кеткен.
Қызды іздеуге Түлкібас аудандық полиция бөлімінің толық жеке құрамы мен аудандық прокуратура, ТЖМ-ның қызметкерлері және 30 ерікті жұмылдырылған.
"Қазіргі уақытта қызды іздеу жұмыстары жан-жақты жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.